Ақмола облысының Атбасар ауданында інісі ағасына пышақ жарақатын салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап
Мас күйінде ауруханаға түскен 41 жастағы ер адам оң жақ кеуде тұсынан пышақ жарақатын алған. 41 жастағы ер адамның Атбасар аудандық ауруханасына түскені туралы полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне аурухананың медицина қызметкері хабарлаған.
«Әдетте, мас күйінде қылмыс ұқсас жағдайда жасалады. Туыстар немесе таныстар арасында спирттік ішімдіктерді бірге ішу барысында заңға қайшы әрекеттермен, соның ішінде денсаулыққа әртүрлі дәрежедегі зиян келтірумен аяқталатын жанжалдар туындайды. Полиция қызметкерлері азаматты туған інісі пышақ салғанын анықтады. Жәбірленушінің айтуынша, ол анасы және інісімен бірге тұрады. Ер адам жұмыстан үйіне келгенде шешесі мен ағасы алкогольді ішімдік ішіп отырған. Кешкі ас кезінде жәбірленуші де оларға қосылды. Содан соң сөзге келіп қалған інісі ағасына жұмырдық ала ұмтылып, кеудесіне пышақ салып алған», – деді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Әсем Әбдікәрімова.
Ер адам бұрын сотталмаған. Күдікті өз әрекетін толықтай мойындады. Қылмысты айғақтайтын заттай дәлелдемелер алынды. Қазір күдіктіге қатысты 106-баптың 1-бөлігі «Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жалғасуда.
Полиция азаматтарды алкогольді асыра пайдаланбауға шақырады.
Алкоголь жүйке жүйесіне теріс әсер етеді, адам өз әрекеттерін бақылауды тоқтатады. Есіңізде болсын, алкогольді асыра пайдалану сізді қылмыстың құрбанына айналдыруы немесе оны жасауға итермелеуі мүмкін, – дейді полиция департаментінен