spot_img
Сәрсенбі, Сәуір 9, 2025
8.4 C
Kokshetau

«Nur Otan» партиясына сенеміз және соңынан ереміз!» «Біз Nur Otanмен біргеміз!»

Сондай-ақ...оқыңыз

Қорғалжын ауданында  халық арасындағы пікір дәл осындай. Себебі, көрінеу көзге қашаннан белгілі. Ол «Nur Otan» партиясына деген халық сенімінің қашан да ақталып, ақиқатына жетіп отыр деген сөз.  Дәл қазір жүргізіліп жатқан үгіт-насихат жұмыстары, «Есіктен есікке» акциясы, канвассинг барлығы партияның өз жұмысына жүрдім, бардым емес тыңғылықты қарап отырғанының белгісі.

Мысалы,  кандидаттар «Амангелді» бастауыш партия ұйымымен кездесу өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Алдағы партия жоспарларымен бөлісіп, тыңдаушылардың пікірін естіп қайтты. Бұл кездесуге кандидаттар Самат Мамырайымов пен Абзал Кенжебайқызы қатысты. Ондағы мәселеде партиялық бағдарламаның жеті басым бағытын айқындады. Сонымен қатар партияның атқарған игі жақсылықтарын айтып өтті.

Ол Елбасы бастамасымен қолға алынған «Biz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен волонтерлер жалпы сомасы 5,3 млн. теңгеге 593 отбасына азық-түлік себеттерін жеткізілгені, жалпы сомасы 20,5 млн. теңгеге 300 отбасы 50 000 теңгеден қаржылай көмек  алғаны тағы бар. Бұл ТЖ кезінде еліміздегі әрбір мұқтаж жанға жебеу болған жұбаныш, адамгершілік қолдау. Партияның мұндай істер тізімі бір параққа сыймас болар?!

 

Қорғалжын ауданында 45 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 36  балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді. Сол секілді шағын және орта бизнеске қолдау көрсету үшін жеңіл несиелер беру қарастырылу жоспарда бар. Партияның мұндай жетістіктері көп және алдағы уақытта жалғасын таба береді деген қос кандидат сөз соңында аудан халқын «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. Себебі, халықпен бірге партия қашан да халықтың жағында.

 

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Қорғалжын аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда 70-тен астам студент «Хабардар бол!» акциясын қолдады.

Дүниежүзілік денсаулық күнінде Ақмола облыстық АИТВ-ның алдын алу орталығының мамандары Көкшетау қаласында «Арна» жоғары колледжінің студенттерімен «Хабардар бол!» ұранымен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img