Парламент Мәжілісінің депутаты, «Nur Otan» партиясының республикалық сайлауалды штабының мүшесі, заңнама және сот-құқықтық реформа бойынша комитетінің мүшесі Қанат Мусин Петровка және Астрахан ауылдарында еліміздің жетекші партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Петровка ауылының тұрғындарымен кездесуде Парламент Мәжілісінің депутаты ауыл тұрғындарының назарын өзінің сайлауалды бағдарламасының негізгі басым бағыттарына аударды.
Қазіргі таңда «Nur Otan» партиясының лидері Нұрсұлтан Назарбаев, ал оның бірінші орынбасары Бауыржан Байбек. Қазан айында «Nur Otan» партиясы партияішілік Праймериз өткізгені белгілі. Бұл Қазақстанда бұрын-соңды болмаған Мәжіліс пен Мәлихатқа кандидаттарды халық арасынан таңдау мүмкіндігі еді. Праймериздің өзі бірнеше кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде праймеризге 10 мыңнан астам кандидат қатысты. Ал 1-4 қазан аралығындағы республикалық онлайн-дауыс беруге 662 мың адам немесе барша нұротандықтардың 84%-і қатысты. Праймериздің екінші кезеңі аясында аудандық және қалалық конференцияларда электронды дауыс беруге 4,5 мыңнан астам бастауыш партия ұйымдарының атынан 10 мыңнан аса делегат-сайлаушы қатысты.
Ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында бағдарламаның барлық жобалары праймериз кезінде тұрғындармен жан-жақты талқыланды. Азаматтардан түскен 17 мыңнан астам ұсыныстар мен ескертулердің 80%-тен астамы қабылданған өңірлік бағдарламаларда ескерілді.
Қанат Мусин Ақмола облысында ауылда туып-өскен, диқаншының еңбегін жақсы біледі, оған ауыл тұрғындарының қамқорлығы мен проблемалары жақын. Көптеген мәселелер байыпты назар аударуды қажет етеді, оларды жоғары деңгейде талқылап, оларды тез арада шешуге қол жеткізу керек.
Сондай-ақ, Парламент Мәжілісінің депутаты Қанат Мусин «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында педагогтрамен кездесу өткізіп, оларды білім саласын одан сайын дамытып, партия мүшелерінің бірлігін нығайтуға шақырды. Халықпен бір мақсат, бір болашақ және бір мүдде бар жасампаз партия ретінде жоғары сенім көрсету.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Астрахан ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.