spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-3.8 C
Kokshetau

Халық денсаулығы «Nur Otan» партиясының назарынан қалған емес

Сондай-ақ...оқыңыз

Бұланды ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізінде медицина саласында қандай өзгерістер жоспарлануда? Ауданда халықтың денсаулығына жауапты басты салаға тиісті көңіл бөлінеді ма? Осы сауалдар тұрғысында Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан кандидат, аудандық ауруханасының шұғыл есеп беру бөлімінің басшысы, дәрігер Анар Абдрахманова сайлаушылармен онлайн түрде байланысқа шығып, кездесу өткізді.

Өз сөзінде Анар Баянбайқызы әлемді шарпыған ауыр індет COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндіргенін баса айтып, қазіргі таңда пандемия кезінде орын алған кемшіліктерді ескере отырып, жаңа бағытта жұмыс істеуіміз керектігін атап өтті. Медицина саласындағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға жасалатын болады.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы келесі мәселелерді шешуге дайын: Макинск қаласының 8 дәрігерлеріне тұрғын үй сатып алу және ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беру есебінен дәрігер тапшылығын шешу. Сонымен қатар, 2022 жылы 7 ауылда, атап айтсақ, Алтынды, Никольск, Капитоновка, Новобратское, Журавлевка, Тоқтамыс, Қараөзек ауылдарында, дәріхана пункттерін ашу.

Аудандағы денсаулық сақтау саласынының осал жерлерінің бірі – ауданның медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасының ойдағыдай деңңгейде қамтамасыз етілмеуі. Осы мәселені қолға алып, алдағы уақытта материалдық базаны нығайтып, дәлерек айтқанда, арнайы медициналық аппараттар, компьютерлік томограф, оттегі концентраторлары және тағы да басқа керекті жабдықтар алу арқылы, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру.

Партияның бастамасымен бүгінгі таңда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында медициналық ұйымдарда және дәріхана желісінде халықты, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын, дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыс қарқынды жүргізіліп келеді.

Саулаушылардың барлық сұрақтарына жауап қайтарып, кері байланыс түрінде сұхбат құрған Анар Баянбайқызы алдымыздағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

– Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші – бәрімізді ортақтастырып, бір бағытта қарауға мүмікіндік беріп отырған «Nur Otan» партиясына барынша қолдау көрсету – сенімді болашақтың кепілі. «Nur Otan» – нақты міндеттер мен маңызды істер партиясы! Біз біргеміз! – деген насихаттау сөздерді ата келе, Анар Абдрахманова кездесу соңында сайлаушыларына белсенділік танытып жүргендігі үшін алғысын білдірді.

 «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img