spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-12.8 C
Kokshetau

Кандидат ауыл тұрғындарының шаңырағында

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат, «Орленок» ЖШС директоры Павел Николаевич Безвербныйдың Целиноград ауданына келген үгіт-насихат жұмысы сапары өз жалғасын канвассинг-кездесуімен жалғастырды.

Басты мақсат – «Nur Otan» партиясының алдағы 5 жылға бағытталған сайлауалды бағдарламасын кеңінен түсіндіріп, осы уақытқа дейін партияның атқарған жүйелі жұмысын таразылау. Бұл кездесудің ерекшелігі де ауыл тұрғындарының шаңырағында болып, келелі әңгімелесіп, толғандырған мәселелерін ескеріп, акциясы аясында партияның алға қойған басты міндеттерін жүзеге асырудағы нақты қадамдарымен таныстыру. Осы орайда аудандағы ауыл тұрғындарының шаңырақтарында болған кандидат П.Н. Безвербный сайлауалды бағдарламасының ауылды дамыту жолында бірқатар шаралар қарастырылғанын атап өтті.

 

Бала кезінен мүмкіндігі шектеулі 1 топтағы мүгедектер Асатрян Арам Варамовичпен Ковальчук Анастасия Андреевнаның және 2 топтағы мүгедек жан Хайбуллов Мансур Минзарифовичтің үйінде болып жүздесіп қайтты. Канвассинг – кездесуде мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктермен, «Кедергісіз келешек» партиялық жобасы аясында өңірдегі игі шараларды да жеткізіп, оларды мазалайтын мәселелерін де түртіп алды.


Сайлауалды бағдарламаның бағыттары қарапайым тұрғындардың қажеттілігін, талап-тілегін ескеретінін, «Халық үніне құлақ асатын» Үкімет концепциясы негізінде қызмет атқаратыны жайлы айтылды. Кездесу аясында тұрғындар өз шаңырақтарында қонақта болғанына зор құрметке ие болғандарын да жасырмады. Әсіресе кандидатпен пікір алмасып, келелі әңгімелесудің сәтті болғанын жеткізіп, өз сұрақтарына тұщымды жауабын алды. Кандидат Павел Николаевич өз тарапынан аудан тұрғындарына 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясынын қолдауға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы
сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img