spot_img
Сейсенбі, Наурыз 24, 2026
0.2 C
Kokshetau

«Ақ жол» партиясы республикалық сайлауалды штабының отырысын өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

Жақында «Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабының отырысы өтті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Штаб 2020 жылдың 3 қарашасында құрылды, партияның барлық филиалдарында осындай аймақтық штабтар құрылды. Республикалық штабтың басшысы – Азат Перуашев, ал Болат Өтепбаев пен Айгүл Жұмабаева орынбасарлары болып тағайындалды. Штабқа орталық аппараттың барлық жауапты қызметкерлері кірді. Сайлау алдындағы құрылтайдан кейін штаб құрамына партиялық тізімдегі кандидаттар да енгізілді.

Отырыс барысында Азат Перуашев штабтың қазіргі ұйымдастырушылық жұмысы туралы айтып берді.

«Іс-шаралардың желілік кестесі эпидемиологиялық жағдайға байланысты апта сайын жаңартылып, түзетіліп отырады. Қазіргі уақытта сенімді тұлғалардың тізімін тіркеу бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде», – деп атап өтті ол.

Азат Перуашев әріптестерін бас санитарлық дәрігердің барлық нұсқауларын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мыңдаған қонақтан кейінгі Наурыз: Көкшетаулықтар Тазару күні экоакциясына шықты

23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні, символдық мәні зор Тазару күніне орай Көкшетау қаласында «Таза ел – біздің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика