spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Көп балалы аналар лайықты болашақ үшін – «Nur Otan » партиясымен бірге!

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалында көп балалы аналармен кездесу кезінде болашақ халық өкілдері жиналғандарды партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, ауданның даму перспективалары туралы әңгімелеп, 10 қаңтарда өтетін сайлауға келіп, өздерінің азаматтық ұстанымдарын көрсетуге шақырды.
Диалог барысында үміткерлер өзекті мәселелерді шешу және алдағы өзгерістер туралы айтты.

Есіл аудандық зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығының ақпараты бойынша қазір ауданда осындай 205 отбасы тұрады, 238 отбасы АӘК алушылары, бұл 1018 адам. Олардың арасында «Алтын алқа» иелері – 67, «Күміс алқа» – 97, «Батыр ана» атағы – 4, «Ана Даңқы I және II дәрежелі» ордендерімен марапатталған – 5.

Көп балалы аналардың айтуынша, оларды бірінші кезекте ақысыз тұрғын үй, атаулы әлеуметтік көмек, жұмыспен қамту мәселелері толғандырады.

Сонымен, Гүлмира Ғабдуллинова коронавирустың алғашқы толқыны кезінде отбасыларына қолдау көрсеткені үшін «Nur Otan» партиясына ризашылығын білдірді. Мұнымен бірге , аймақтық филиал ешқашан күнделікті мәселелерден алшақтамайды және әрқашан бірден шешім қабылдайды.

Соңында партия мүшелері жиналғандарға «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таратып, тағы да есілдіктерді 2021 жылы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысуға шақырды.

«Nur Otan» партиясы Есіл аудандық филиалының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

«Nur Otan»: ақпараттық ағымның шекарасын кеңейтуде

Ауылдық жерлерде науқанды жүргізу ол үгіт-насихат жұмыстарын коммуникацияларды әкімшілік ресурстармен ретке келтірумен ұштастыруды көздейді. Кандидаттың сайлаушылармен жеке кездесуі және штаб қызметкерлерінің мақсатты топтармен жеке жұмыстары үлкен нәтиже береді.

«Nur Otan» партиясы үгіт жоспарының бағдарламаларын іске асыру барысында ауылдық округ тұрғындарын сайлауалды бағдарламасымен ақпараттандыруға аса мән береді.

2020 жылдын 14 желтоқсанында ZOOM онлайн-платформасында Бурабай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Дамир Шоқанұлы Сұрағановтың үгіт кездесуіне Атамекен ауылды округінің Атамекен, Қаражар және Жаңажол ауылдары тұрғындарының өкілдері жиналды. Кездесу барысында кандидат еркін диалог түрінде барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

«Отандық білім беру жүйесінің үздік дәстүрлерін сақтай отырып, біз бір орында тұрмауымыз керек. Білім беру жүйесі ізденісте болуы, үнемі дамуы тиіс. Сондықтан басты үміт жаңа және прогрессивті,ашық ұрпақты тәрбиелеуге қабілетті мұғалімдерге жүктеледі» – деген Д.Ш. Сұраганов Президенттің сөздерін ерекше  атап өтті.

Дамир Шоқанұлы Щучинск қаласының №7 мектеп-лицейінің директоры болып табылады. Қала мен ауылдағы балалар арасындағы білім беру деңгейіндегі айырмашылықтарды жоюды маңызды міндет деп санайды. Оның айтуынша, білім беру стандарттары бірыңғай болуы тиіс.

Тұрғындар ауылдық жерлердегі білім беруге қатысты өзекті сұрақтарды койып, ал  кандидат оларға толық жауап берді.

Кездесудің қашықтық форматына қарамастан, ауыл тұрғындары өз ісіне деген патриотизмге толы «Nur Otan» партиясы мен кандидаттың белсенді және жемісті жұмысын сезіне алды. Тұрғындар партияға берілген әрбір дауыс – көптеген әлеуметтік мәселелерді шешу жолындағы дұрыс қадам екеніне сенімді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Жетімдер үйін жойып, ана мен бала денсаулығын бақылауға аламыз!

  Өзінің сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында «Nur Otan»  партиясы Көкшетау аумақтық филиалында қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер кандидаттар Zoom платформасы арқылы халықпен жүздесті.

Көпбалалы аналар, жетім балаларды қамқорлығына алғандар өз сауалдарын жолдап, нақты әрі тұшымды жауап алды. Көкшетау қалалық мәслихатына кандидат «Аналар үйі» дағдарыс орталығының үйлестірушісі Құралай Жұмабекова өз балаларымен қоса тағы бес жетімекті бауырына басып отыр. Сайлауалды бағдарламасы да елімізде балалар үйін жойып, әр жетімекті отбасылардың асырап алуына мүдделі. Өзі жетекшілік етіп отырған орталықтағы әйелдердің тең жартысы жетім балалар үйінен шыққандар. Олардың барар жері, басар тауы қалмаған. Шарасыздықтан «Аналар үйін» паналап отыр. Бірақ ол үйде жарты жылдан артық тұруға болмайды. Жалғызбасты аналардың ары қарайғы тағдыры ешкімді алаңдатпайды. Сол сияқты жетім балалар да 18 жасқа дейін мемлекет қарауында болып, одан кейін өз күнін өзі көруге мәжбүр. Осы және тағы да басқа түйткілді мәселелерді кандидат күні ертеңдері депутат бола қалса, жоғарғы жаққа жеткізіп, заңға өзгеріс мен толықтырулар енгізуге жұмыс істемек. Құралай Жұмабековаға сауалдарын жолдаған көпбалалы және жетімектерді бауырына басқан аналардың да көтерген мәселесі осы болды. Көкшетау қалалық емхананың бас дәрігері, қалалық мәслихат депутаттығынан үміткер Ғалия Сабатаева да халық денсаулығына алаңдайды. Ол жетекшілік ететін мекемеге емделуге келетіндердің бәрінің бірдей жағдайы мәз емес. Тұрмысы ауыр, әлеуметтік жағдайы төмен отбастары өте көп. Олардың мәселесін назарға алу керек. Сонда ғана денсаулықтары дұрыс болады. Ал, халықты қабылдайтын учаскелік дәрігерлердің жетіспеушілігі – өзекті. Жылдың соңына дейін тағы 6 учаскелік дәрігер жұмысынан кеткелі отыр. Бұл дегеніміз 12 мың адамның маман кеңесінен қалыс қалу қаупін төндіруде. Жалпы бюджеттен бөлінетін қаржының көп бөлігі халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартатын жәрдемақыларға жұмсалғаны жөн. Дәл осындай ойды «Ақай» сән үйінің директоры Ғалия Алдабергенова да айтты. Ол мемлекеттік бағдарламалар бизнес бастағысы келетін аналарға бағытталуы тиіс дейді. Әсіресе, көпбалалы аналарға қолдау аса қажет.  «Nur Otan»  партиясы Көкшетау аумақтық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Зәуреш Олжабаева алдағы сайлау көп мәселені шешетін дода деді. Сондықтан бағдарламасы халықтың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған осы саяси партияға дауыс беру керек. Бүгінгі күні «Nyr Otan»  партиясының атқарып отырған жұмысы ауқымды. Елде болып жатқан жаңалықтар, өзгерістер, табыстар мен жеңістердің бәрі осы саяси ұйымның бастамасымен жүзеге асып, мемлекеттік бағдарламардың дұрыс орындалуы осы саяси ұйымның бақылауында. Елімізге жайылған індет кезінде нұротандықтар жалғызбасты қарияларды, тұрмысы төмен отбастарын, әлеуметтік аз қамтылған азаматтарға қол ұшын созып, азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен уақытында қамтамасыз етіп тұрды. Бұл жұмыстарға жастар мен еріктілер бір кісідей жұмылды. Сондықтан бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, ұйымшылдықпен халық үшін жұмыс істеп жатқан парияға дауыс беріңіздер деді кандидаттар.

 «Nur  Otan»  партиясы Көкшетау қалалық Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Nur Otan-мен болашаққа нық қадам!

  «Nur Otan» партиясының облыстық және Көкшетау қалалық  филиалдары атынан мәслихат депутаттығына кандидаттар партияның сайлауалды бағдарламаларын насихаттап, халықты 10 қаңтарда өтетін сайлауға дауыс беруге шақыру мақсатында Көкшетау қаласындағы «Достар» мәдениет сарайында тұрғындармен кездесу өткізді.  

«Nur Otan» партиясының Ақмола және Көкшетау қалалық филиалдарының депутаттығына кандидаттар Сергей Кистин, Роза Арыстанқызы, Әсия Шәрімова және алғаш рет депуттатыққа түсіп отырған Айдын Райысов пен Гүлмира Құсайыновалар  партияның сайлауалды бағдарламасында белгіленген жеті басым бағыттағы міндеттерге жан-жақты тоқталып, еліміздің басты қадірлі де қасиетті мерекесі Тәуелсіздік күнімен құттықтады. Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер «КАМАЗ-Инжиниринг» АҚ-ның басшысы Сергей Кистин тәуелсіздікті еңсерген жылдардағы жетістіктер мен кәсіпкерлік бағытына ерекше көңіл бөліп, мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан жеңілдіктер мен қолдауға назар аудартты. Ол кәсіпкерлердің дамуы үшін біздің нарыққа ең алдымен білімді, бәсекеге қабілетті жастар мен сапалы шикізатқа көңіл аудару қажеттігін атап өтті. Ол тәжірибенсіне сүйене отырып,  халықтың жақсы өмір сүруі үшін жұмыс орындарын ашу да кәсіпкерлердің алдында тұрған міндеттердің бірі екендігіне тоқталды.

Сайлауалды бағдарламаларын насихаттау барысында жол-көлік қатынастары жайлы, бұл саладағы мемлекеттік қолдаудың шапағаты туралы Роза Арыстанқызы мен Әсия Шәрімова кеңінен әңгімелеп берді. Әсіресе, пандемия кезіндегі туындаған карантиндік шектеулер кезіндегі теміржол қозғалысының тоқтатылмағаны, бұл саланың ерекшеліктері жайында сөз қозғады. Бұған қоса, олар мемлекет тарапынан кәсіпкерлердің салықтан босатылғаны, несиесін уақытша тоқтату секілді жеңілдіктер жасалғаны жайлы біраз ойларды ортаға салды. Мұндай жеңілдіктер коронавирус пандемсиясы кезінде кәсіпкерлерге ғана емес, сонымен бірге қарапайым халыққа да көрсетіліп жатқаны анық мысалдармен келтірілді. Соның ішінде партия тарапынан Елбасының бастамасымен жер-жерде қор құрылып, «Біз біргеміз» акциясының ұйымдастырылғаны, аталған қордан  көпбалалы отбасыларға, ең төменгі зейнетақы алып отырған зейнеткерлерге,  мүмкіндігі шектеулі және ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға азық-түлік және қаржылық қолдау жасалғаны белгілі. Бұл орайда, облыста 30 мыңға жуық отбасына көмек көрсетілгені айтылды.

Сонымен бірге, кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптар берді. Өз кезегінде тұрғындар партияның сайлауалды бағдарламаларын қолдайтындарын жеткізді.

Болашақ халық қалалаулылары тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламаларын жан-жақты түсіндірген соң, 2021 жылдың 10 қаңтары күні сайлауға қатысып, азаматтық көзқарастарын танытуларына шақырды. «Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз» деп, партияға дауыс беруге келулерін сұрады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді

 

Бастысы – тұрақтылық, бейбітшілікті сақтау 

Астрахан ауданына қарасты тұрғындар санынан екінші орында тұрған Астрахан аудандық мәслихатының депутаттығына кандидат Игорь Шеин Жалтыр  ауылының тұрғындарымен ZOOM онлайн-платформасы арқылы үгіт кездесуін өткізді. Кездесу барысында кандидат еркін диалог түрінде барлық қызықтырған сұрақтарға жауап берді.

Игорь Шеин  өз сіөзінде «Біздің  «Nur Otan» партиямыз халықтың мүддесін білдіре қоймай, оның басты міндеті – адамдар үшін жақсы өмір сүру жағдайларын жасау, жаңа жұмыс орындарын ашу, білім беру мен медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру»,-деп атап өтті.

Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының бағдарламалық құжатының негізгі басымдықтарының бірі – әлеуметтік бағдарланған аудан. Партия азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттырудың негізгі міндеттерін белгіледі. Әлемдік пандемия елдегі экономикалық жағдайға теріс әсер етті. Сондықтан мемлекет дағдарысқа қарсы шаралар әзірлеп, қосымша жұмыс орындарын құруға қаражат бөлді. Ауданымызда бос жұмыс орындар ашылды. «Еңбек» бағдарламасын енгізу есебінен атаулы әлеуметтік көмек алушылар саны азайды. Егер жұмыссыздық болса, жұмыс істегісі келетін, зейнет жасына дейінгі адамдар жұмыспен қамту орталығына жүгініп, онда оларға өз ісін ашу үшін ақысыз негізде несие алу ұсынылады. Бұдан басқа, мемлекет ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге олардың аяққа тұрып, шағын және орта бизнес позицияларына орнығуы үшін субсидиялар бөледі. Сонымен қатар, халықтың барлық топтары үшін 200 айлық есептік көрсеткішке дейінгі гранттар беріледі. Жастар практикасы бойынша жұмысқа орналастыру практикасы жалғасатын болады.

Еліміздің жастары әрқашан партия мен мемлекеттің назарында. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында жас отбасыларды тұрғын үймен, лайықты жалақымен және жұмысқа орналастырумен қамтамасыз ету міндеттері қойылып отыр. Жастар – еліміздің болашағы және біз, ел дамуының қозғаушы күші болуға және оның өркендеуіне қол жеткізуге ұмтылуымыз керек. Партияның басты жетістігі – тұрақтылық, бейбітшілікті сақтау және халықтың әл-ауқаты.

Бірге жаңа жеңістерге жетейік! Сынақтардан өтіп, барлығын бірге жеңеміз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Астрахан ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Ауданымызды – қауіпсіз әрі жайлы етуге күш саламыз!

2020 жылы біз үшін сынаққа толы жыл болды. Әлемдік пандемия көзқарасымызды, бағытымызды айқындады. Еліміз карантиндік шектеулерге байланысты қиындықтарға тап болғандығы баршамызғы мәлім. Қиындықтарға қарамастан «Nur Otan» партиясы экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз етуге,
жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтап қалуға , тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсетуге дайын партия.

Пандемия еліміздің экономикамызға кері әсерін тигізді, соған қарамастан «Nur Otan» партиясы халықтың әлеуметтік осал топтарына , мәжбүрлі еңбек демалысына шыққан азаматтарға, аз қамтылған отбасыларға материалдық жағынан қол ұшын созды.

Сонымен қатар, «Nur Otan»партиясы спорт саласына да ерекше көңіл бөледі. Ереймен елінен талай спорт саңлақтары үлкен спортқа жолдама алып жүргені бәрімізге дәлел . Ауданымызда шаңғы туризімін дамыту мәселесі қолға алынады.

«Nur Otan»партиясының бағытталған жұмыстары өте көп. Алға қойған мақсаттардың орындалуына себепкер болатын – сіздің сеніміңіз бен даусыңыз!
Дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясын қолдаңыз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Ерейментау ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img