spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
19.2 C
Kokshetau

«Ақ жол» партиясының сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға арналған оқыту семинарын өткізді

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ақ жол» партиясының республикалық сайлауалды штабы филиалдармен сенім білдірілген адамдар мен бақылаушыларға арналған оқыту семинарын өткізді. Іс-шара онлайн режимде өтті, деп хабарлайды Орталық сайлау комиссиясы.

Партияның заң қызметінің директоры Рүстем Жұмаділов қолданыстағы заңнама нормалары туралы айтып берді.

Партиялық тізімдерін ұсынған барлық саяси партиялардың өздеріне сайлау науқанын жүргізуге көмектесетін, сайлау алдындағы үгіт-насихатты жүргізетін, кандидаттардың, саяси партиялардың мүдделерін білдіретін сенім білдірілген адамдары болуы мүмкін.

Семинарға қатысушылар сенім білдірілген тұлғаларды/бақылаушыларды тіркеу тәртібі туралы, сенім білдірілген тұлға үшін негізгі талаптар туралы ақпарат алды. Сенім білдірілген тұлға Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс және сайлау комиссиясының мүшесі немесе саяси мемлекеттік қызметші бола алмайды.

Штаб заңгерлері сенімді тұлғалардың бақылаушылар сияқты құқықтары мен міндеттері бар екенін еске салды.

Осыған байланысты, семинарға қатысушылар Сайлау туралы заңның 20-1 бабымен танысты, онда бақылаушылардың құқықтары мен міндеттері көрсетілген.

Шара барысында филиал өкілдері өздерін қызықтырған сұрақтарды қойып, оларға толыққанды жауап алды. Республикалық сайлауалды штабтың заңгерлері өңірлердегі партия мүшелерін «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» ҚР Конституциялық заңының талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика