spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Халықтың әл-ауқатын жақсартамыз!

Сондай-ақ...оқыңыз

«Nur Otan» партиясы Көкшетау қалалық филиалының саяси партиядан облыстық және қалалық мәслихатқа кандидаттар Орталық базар аумағында жеке кәсіп иелерімен және жергілікті жұртшылықпен жүздесті.

Өздерінің сайлауалды бағдарламасындағы басым бағыт – халықтың әл-ауқатын арттыру, шағын және орта бизнеске қолдау көрсету екенін алға тартқан үміткерлер халықты дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Қалалық мәслихат депуттағына кандидаттар «Жолаушылар тасымалы ассоциациясы» ҚЗТ төрағасы Рүстем Қалышев пен «Ақмола облысы кәсіпкерлер ассоциациясы» АҚБ төрағасы Мәриям Әбішевалар нақты істердің басы-қасында жүріп, халықтың жағдайын назарда ұстап отырған «Nur Otan» партиясына дауыс беру арқылы көп мәселені шешуге болады деді. Себебі, басына іс түскен кез келген азамат алдымен осы саяси партияның көмегіне жүгінеді. Көп жағдайда олардың мәселесі шешіліп, оң нәтижеге қол жеткізіліп келеді. Алдағы уақытта да халықтың әл-ауқатын жақсарту бағытында жұмыс істей бермек. Облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар «Көкшетау сүт зауыты» ЖШС директоры Асен Жақсылықов, «Той Дастархан» ЖШС жетекшісі Елена Мащинскаялар тоқырау жылдары жеке кәсіп иелерінің басынан кешкен қиындықтарына тоқталып, қазіргі уақытта оларға мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау-көмек жайлы айтты. Қарапайым халықтың жеке кәсібін ашып, жағдайын түзеуіне барлық жағдайлар жасалып жатыр. Тек нақты іске көшу керек. Кандидаттарға сауалдарын жолдаған жұртшылық өздерін толғандырып жүрген мәселелерін ортаға салып, шешім табуын сұрады.

 

«Nur  Otan»  партиясының Көкшетау қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Жастарды қолдау шаралары күшейтіледі

Бурабай аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан кандидат Кира Евгеньевна Антонюк онлайн режимінде «Бурабай-Курорт» станциясының ұжымымен үгіт-насихат кездесуін өткізді.

Кездесу барысында кандидат аудандық сайлауалды штабтың жұмысы туралы хабардар етті. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының міндеттері негізгі сұрауларды көрсетеді, ауданның өзекті мәселелеріне жауаптарды қамтиды. Онда аудан дамуының жеті басым бағыттары айқындалған, олар бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсартуға, тарих пен мәдениетті дамытуға бағытталған.


Өз сөзінде Кира Евгеньевна «Nur Otan» партиясының міндеті ауданды өмір сүру үшін жайлы ғана емес, қауіпсіз ету екенін атап өтті. Ол үшін қоғамдық тәртіп пен жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сондай-ақ қоғамдық орындар мен көшелерде жасалатын қылмыстардың алдын алу мақсатында «Қауіпсіз аудан» бағдарламасы әзірленді.
Онлайн-кездесу барысында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат станция ұжымының ауданды абаттандыру, жолдарды жөндеу және ауыл жастары үшін жұмыс тақырыбына арналған сұрақтарына толық жауап берді.
– «Nur Otan» партиясы мен оның «Jas Otan» жастар қанаты жастарды жан-жақты қолдауды күшейтеді. Ауданда 17,9 мың жас немесе халықтың жалпы санының 23,8% тұрады.
Жастармен жұмыс жасауда әлеуметтік лифтілерді құруға, жас отбасылар үшін тұрғын үй, жұмысқа орналасу, білім беру проблемаларын шешуге баса назар аударылатын болады.

Бұл үшін «Nur Otan» партиясы «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша тұрғын үй беру, жыл сайын кемінде 2 грант беру арқылы кемінде 75 білікті жас мамандарды тартуға ықпал ететін болады» – деп атап өтті Кира Евгеньевна.

Станция ұжымы ауданның барлық мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясынан кандидаттар үшін дауыс беру керек деген ортақ пікірге келді, бұл шетте қалмайды, белсенді азаматтық ұстаным көрсетеді!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бурабай ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Ауданда үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде

Целиногад ауданында Р.Қошқарбаев, Жарлыкөл ауылдық округінде кандидаттар Ғалым Қойлыбаев, Азамат Канапиянов, Мақсат Рапишев, Берік Рымқұлов, Болатбек Ибраев, Жасұлан Ислямов, Айдын Туребаев, т.б. үгіт-насихат жұмысы бойынша тұрғындармен кездесу өткізді.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен толық таныстырды. Кездесу барысында ауыл тұрғындарының сұрақтарына жауап беріп, талап-тілектерін ескеріп, сайлауалды бағдарламада оңды шешім табатын бағыттарын түсіндірді.  Кандидаттар «Nur Otan» партиясы Целиноград ауданын дамытудың осы 7 басым бағытына кеңінен тоқталып өтті. Атап айтқанда экономикалық тұрақты аудан бағытында ауданда игі жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Халықтың әл-ауқатының негізін азаматтарды жұмыспен, тұрақты табыспен қамтамасыз ету мақсатында  жаңа жұмыс орындары ашылады. Қосшы, Қабанбай батыр, Р.Қошқарбаев, Оразақ, Талапкер ауылдық округтерінің аумағында көкөніс және жем-шөп дақылдары өнімін алу үшін 5 мың га суармалы жер алаңын кезең-кезеңімен кеңейтуді қолға алады. 2025 жылға дейін 7 ауылдық округте (Қоянды, Жаңаесіл, Мәншүк, Софиевка, Приречное, Қабанбай батыр, Арайлы ауылдары) 35 мал шаруашылығы базасы салынады.  5 жыл ішінде 3 ауылдық округте (Арайлы-«Wessar» ЖШС, Қабанбай батыр – «Грин Стар» ЖШС, Талапкер – «Табыс»ӨК ) 3 астық қоймасы мен көкөніс қоймасы салынып, қайта жаңғыртылатын  болады.

Партияның Сайлауалды бағдарламасындағы өңірді дамытуға бағытталған басымдылықтармен келелі міндеттермен етене танысқан тұрғындар жасалғалы отырған зор мүмкіндік екенін өз тараптарынан кездесу барысында ескеріп өтті. Кандидаттар ауданның саяси-экономикалық даму бағытындағы сайлауалды бағдарламада көрсетілген бағыттарының бірі туризмді дамыту бойынша талқылап өтті. Целиноград ауданының тарихы терең, мәдени-танымдық және этнотуризм бағытында туристік әлеуетті дамытуға мүмкіндік береді. Бұл үшін «Nur Otan» партиясы 2021-2025 жылдар аралығында ықпал етеді: демалыс күнінің 5 турларын әзірлеу. Қоянды ауылдық округіндегі «Золотая фазенда» демалыс базасын кеңейту (500 орындық мейрамханасы бар 110 бөлмелік қонақ үй кешенінің құрылысы). Қоянды ауылдық округінде «Wish Stone» ЖШС демалыс аймағы мен қонақ үйінің құрылысы (2021-2022 ж.). Кездесу барысында тұрғындарға аудандағы атқарылар жұмыстармен қатар көкейлерінде жүрген сұрақтары да назардан тыс қалмады. «Өмір сүруге жайлы аудан» бағыты бойынша кандидаттар  ауылдық жерлерді таза ауыз сумен қамту мәселелерін шешу үшін «Nur Otan» партиясы келесі міндеттерді жүзеге асыратындығын жеткізді. 26 ауылда таза ауыз су мен жабдықтау объектілері салынады.  Ағымдағы 2020 жыл – 8 ауыл: (Қосшы, Ақмол, Қабанбай батыр, «Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша), Тайтөбе, Қаражар, Қажымұқан, Жаңа жол, Ынтымақ, Шұбар, Төңкеріс Талапкер ауылдары. 2021 жылы – Нұресіл, Раздольное, Жайнақ, Қабанбай батыр, Жаңа жол, Арайлы, Талапкер ауылдары. 2022 жылы – Өтеміс, Қосшы, Қызылсуат, Опан, Мәншүк, Софиевка ауылдарында жүзеге асырылады.

Кездесу соңында тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген басымдылықтарды қолдайтындығын  жеткізді. «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының ең басты мақсаты да халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын үнемі жақсарту үшін жағдай жасау болып табылады. Кездесу соңында Кандидаттар ауыл халқына партияның басты мақсатын түсіндіре отырып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге, бірлікке шақырды. Сондықтан халықтың үніне құлақ асатын, нақты істер партиясын қолдайық!

  «Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Целиноград ауданының Сайлау қорының қаражатынан  төленді.

 

             Жаңа жеңістерге бірге жетеміз!

Елге қызмет ету және қоғамға пайдалы болу. Бұл «Nur Otan» партиясы атынан Атбасар аудандық мәслихатына депутаттыққа үміткер Самат Жамбылұлы Базарбаевтың ұстанымы. Самат Жамбылұлының мамандығы заңгер. Мемлекеттік қызметте 20 жыл бойы еңбек етті. Сондықтан да қарапайым халықты қандай мәселелер мазалайтынын жақсы біледі. Әсіресе, ол жергілікті халықтың әл-ауқатын арттыруда, тұрмыс-тіршілігінің жақсы болуына атсалысатынын айтуда және ол үшін қандай іс-әрекет жасау керектігін де біледі. Сол үшін де партия атынан іске кірісіп, жеңіске жетемін деп белсеніп отыр. Жуырда ғана Атбасар қаласының тұрғындарымен бірнеше рет кездесіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды. С.Базарбаев бірліктің арқасында әлі талай белестерді бағындыратынын алға тартты.

 

– Жергілікті биліктің басты бағыты – адам және оның әл-ауқаты, отбасы, балалары, оның құқықтары мен еркіндігінің сақталуы. Осының барлығын іске асыру үшін бізде мүмкіндік жеткілікті. Демек, осы бағытта әрекет ете отырып, мен алға қойған мақсатыма жете аламын деген сөз. Атап айтқанда, Атбасар ауданында халықтың бұдан да жайлы өмір сүруіне, отбасын құруына, дүниеге бала әкелуіне және жұмыс істеуіне жағдай жасаймыз. Алдағы уақытта әр отбасының өмірін жақсартуға барымды саламын. Мен өзім заңгер болғандықтан және мемлекеттік қызметте талай жыл жұмыс істегендіктен, ойлана келе, бар күш-жігерімді, білімімді аудан халқының өмір сапасының жақсаруына жұмсайтын боламын. Оны қалай шешу керектігін де жақсы білемін, – дейді Самат Жамбылұлы.

Үміткер халық алдында өзінің бағдарламасының басты міндеттерімен де таныстырып өтті. Атап айтқанда:

  • ауданның әрбір тұрғынының өмір сапасы жақсы болуы тиіс;
  • халықтың денсаулығының жақсы болуы үшін қоршаған ортаның тазалығы маңызды екені рас. Осы бағытта денсаулық, экология және тазалық стандарттарына қол жеткізу;
  • тұрмысы төмен отбасыларына, қарттарға, зейнеткерлерге және көпбалалы отбасыларына қолдау көрсету;
  • жастарды жұмыспен және тұрғын үймен қамту;
  • азаматтардың өтініштерін сапалы түрде қарап, мемлекеттік қызметті сапалы көрсету;
  • өнеркәсіп орындарында жаңа технологияларды қолдану, олардың материалдық-техникалық базасын модернизациялау;
  • инвестициялық ахуалды жақсарту, әділ салық жүйесін жасау, шағын және кіші кәсіпкерлікті қолдау.

 

Үгіт-насихат барысында атбасарлықтардың басым бөлігін шағын және орта бизнесті несиелендіру және Атбасар қаласында қоғамдық көлік санын арттыру мәселелері толғандыратыны мәлім болды. Оларға осы бағытта тұшымды жауап беріліп, үгіт-насихат материалдары таратылды.

Сөзден іске көшетін уақыт келді! Осылай дей келе, Самат Жамбылұлы аудан халқымен кезскен кезде 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлауда дауыс беру арқылы белсенді азаматтық ұстанымға шақырды. Сондай-ақ, ол «Nur Otan» партиясы қойған барлық міндеттер орындалатындығын айта келе, «Nur Otan»-ға дауыс беруге шақырды. Тек бірге болғанда ғана, қиындықты еңсере алатынымзды тағы бір еске салды.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Атбасар ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

«Nur Otan» партиясы – әрқашан халықпен бірге!

 «Nur Otan» партиясының сайлауалды науқан жұмыстары жалғасын табуда. Бүгін саулауалды үгіт насихат жұмыстарын Сетаев Иззат Жаңбырбайұлы жалғастырды.

Иззат Жаңбырбайұлы – партия мүшесі, Ұлттық сараптама орталығының басшысы, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер. Иззат Жаңбырбайұлы – жас басшы , нақты мақсат – міндеттері айқындалған, тұрғындардың әл – ауқатын көтеруге, елі үшін қызмет қылуға аяңбай еңбек етуде. Тұрғындармен кездесу барысында Иззат Жаңбырбайұлы әр азаматтың көкейтесті сұрақтарын тыңдап, жіті назарға алынатындығын атап өтті. Өйткені  «Nur Otan» партиясы – әрқашан халықпен бірге.

Иззат Жаңбырбайұлы  сауалды бағдарламаның алты басымдылығымен таныстырып өтті. Медицина саласының басы қасында жүрген Иззат Жаңбырбайұлы денсаулық сақтау саласындағы маман тапшылығының өзекті мәселелердің бірі екендігін атады. Бұл мәселенің шешімі жас мамандарға жағдай жасау керек деп тұрғындар назарына жеткізді. Осы тұрғыда «Nur Otan» партиясы  жас мамандарды жұмыспен қамтып, баспаналы болуға көмек беруде.

Жастар – ел болашағы! «Nur Otan» партиясын қолдау арқылы жалынды жастарымызға,  елімізің дамуы үшін еңбек етуге мүмкіндік жасайсыздар! Сіздің  «Nur Otan» партиясына берген даусыңыз – еліміздің одан ары жаңғыртудың бастамасы болып табылады.

«Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

«Сөзден іске

Бүгін, Бурабай аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Олеся Владимировна Баимова «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында Веденов ауылдық округінің тұрғындарымен кездесті.

Кездесу барысында депутаттыққа кандидат Олеся Баимова сайлаушыларды аудандық сайлауалды штабтың жұмысы туралы хабардар етті. Сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды, онда аудан дамуының жеті басым бағыты айқындалған.

Өз кезегінде Веденовка тұрғындары кандидаттың назарын сумен жабдықтау мәселесіне, ұсынылатын интернеттің сапасына, сондай-ақ дәрігердің болмауына аударды. Олар Көкшетауда әрі қарай өңдеу үшін жеке кәсіпкерлерге тапсыратын сүттің құнын арттыру туралы мәселе қозғады. Веденов ауылдық округінің жергілікті тұрғындары арасында сүт сауу саны бойынша көшбасшылардың бірі болып табылады.

Сонымен қатар, тұрғындар өздерінің тұрмыстық мәселелерін WhatsApp-тағы жергілікті топтың көмегімен тез шешеді, мысалы, заттарын сату, басқа елді-мекендерге сапарларды ұйымдастыру және пандемия кезінде жеке байланыс әдісі болып табылатын басқа мәселелер. Бірақ жоғарыда аталған мәселелерді тұрғындар «Nur Otan» партиясының көмегімен ғана шеше алатынына сенімді.

 

Кездесу соңында қатысушылар одан әрі жеке қарым-қатынас жасау үшін байланыс орнатып, міндетті түрде сайлауға келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беретіндеріне сенім білдірді.

«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Бурабай ауданының сайлау қорының қаражатынан  төленді.

 

Халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау қажет

«Nur Otan» партиясы Астрахан аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасында ауданды дамытудың бірнеше бағытын айқындады. Сайлауалды бағдарламаның басты мақсаты – халықтың тұрмыс сапасы мен әл-ауқатын ұдайы жақсарту үшін жағдай жасау. Өйткені өңіріміздің басты бағыттарының бірі – ауыл шаруашылығының, табиғат және жергілікті тұрғындар болып табылады.
Бүгінгі күні Астрахан ауданы көптеген жаңа оқиғаларға толы. Мемлекет ауылды дамытуға жан-жақты қолдау көрсетіп келеді. Оның басты басымдығы ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасын жақсарту болып қала береді. Дәл осы бағытта біз соңғы бірнеше жылдары облыстық және аудандық бюджет есебінен былтырғы және биылғы жылы объектілер іске қосылып, көптеген ғимараттарға күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Бюджеттен аудандық мәдениет үйі, балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің залы, Жалтыр ауылының дәрігенрлік амбулаториясы жөнделді, бүгінгі күні Астрахан орталық аудандық ауруханасы күрделі жөндеу жұмыстары өз мәресіне жетіп келеді. Үлкен, әрі жарық «Жастар» спорт кешені салынды. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында маңызы өте зор қазандық, бірқатар орталық көшелер, тротуарлар, демалыс саябақтары ретке келтірілді, жалпы алғанда аудан орталығымыздың келбеті айтарлықтай өзгерді десек болады.
Ауылшаруашылық тауар өндірушілері салыстырмалы түрде құрғақ жылы жүргізген агротехникалық шаралар кешенінің нәтижесінде аудан бойынша жақсы өнім жиналды. Ауданда мал шаруашылығын одан әрі дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар жүзеге асырылуда. «Сыбаға» бағдарламасы бойынша – «Өрнек-2005» ЖШС 100 бас асыл тұқымды ІҚМ сатып алу үшін 50,0 млн.теңге сомасында, «Толқынкөл» ЖШС қой, жем және техника сатып алуға 19,8 млн. теңге сомасында несие алды.
Халықты ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері бойынша былтырғы жылы ауданымыздың 3 ауылындағы су құбыры құрылыстарының алаңына күрделі жөндеу жүргізілетін болды.
Мемлекет әрбір отбасына қолжетімді болуы тиіс жаңа тұрғын үй құрылысын белсенді түрде қолдап отыр. Келер 2021 жылы аудан орталығында жаңа тұрғын үй құрылыс жұмыстары басталады.
Сондай-ақ ауданда денсаулық сақтау саласындағы жас мамандарының тапшылығы бар. Осыған байланысты жыл сайын әкімнің грантын бөлу есебінен дәрігерлерді оқытуды жоспарлап отыр, жыл сайын жалға берілетін тұрғын үйді ұсына отырып, көтерме ақы төлей отырып немесе тұрғын үй сатып алуға несие бере отырып, екі жас маманды тартуға жәрдемдесетін боламыз.
Сондай-ақ, біз мүмкіндігі шектеулі балалар үшін кедергісіз қолжетімділік жасау арқылы білім беру қызметтерінің қол жетімділігі мен артуына ықпал ететін боламыз, 3 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен толық қамтуды сақтаймыз және 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды пайызын арттыру жөнінде шаралар қабылдаймыз. «Бақытты отбасы», «Ардагерлерді ардақтайық»партиялық жобаларын іске асыру арқылы мүмкіндігі шектеулі жандарға тең мүмкіндіктер жасаймыз.
Ауданның сауда нүктелерімен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына меморандумдар жасай отырып, бағалар мен тарифтерді тежеуді қамтамасыз етеміз.
Біз түрлі акциялар, спорттық, тақырыптық іс-шаралар өткізу есебінен отбасының рөлін арттыратын және отбасылық құндылықтарды нығайтатын боламыз.
Сондай-ақ, жақын арада «Бір терезе» қағидаты бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 95%-ға жеткізу, аудан әкімінің, жергілікті атқарушы органдар басшыларының қатысуымен, оның ішінде ауылдық елді мекендерге бару арқылы «Ашық есік күнін» өткізу тәжірибесін жалғастыру арқылы мемлекеттік органдар мен аудан тұрғындары арасындағы өзара қарым-қатынастардың мүлдем жаңа сипатын қалыптастыратын боламыз.
«Nur Otan» партиясы құқық қорғау органдарының қылмысқа қарсы күрес жөніндегі қызметінің тиімділігін арттыруға жәрдемдесетін болады.
Біз ауданымыздың дамуы мен гүлденуі үшін идеялармен алмасуға және барлық азаматтармен және қоғамдық бірлестіктермен кең ынтымақтастықта болуға дайын екендігімізді және ашықтығымызды мәлімдейміз.
«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің өркендеуіне және әрбір қазақстандықтың әл-ауқатына жұмыс істеуді жалғастырады.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Астрахан ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

 

Жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ирина Жукова мен Марат Атабаев, Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ахмедия Қожамсейітов, Гүлнұр Сәдуақасова, Әділ Кауметов, Іңкәрім Қабылхан  Пригородное, Андреевка, Андреевка ауылдарының тұрғындарымен кездесіп, үгіт-нәсихат жұмыстарын жүргізді.

Кездесуде кандидаттар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында айқындалған міндеттер мен мақсаттар бойынша жан-жақты түсініктеме  берді. Партия мүшелері партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндады.

Бағдарламада белгіленген дамудың жеті басымдығы талқыланып, оның басты мақсаты – халықтың өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту үшін жағдай жасау басты мәселе екенін айтқан болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарын алдағы сайлауда дұрыс таңдау жасауға шақырды.

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмек көрсеткенін айтты.

– Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді,- деді ол.

Кандидат Гүлнұр Сәдуақасова өз сөзінде 2025 жылға қарай қабылданған шаралар жолдардың сапасын арттыруға және жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесін 58,2 пайыздан 80,5 пайызға дейін жеткізуге, 10 елді мекеннің 8 мыңнан астам тұрғынын сапалы жолмен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

«Nur Otan» партиясының 2025 жылға қарай аудан халқын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін толық шешуді жоспарлағаны туралы кандидат Марат Атабаев айтып, оның ішінде 3 ауыл – Ключи, Кмышенка және Новографское ауылдарының сумен қамтылатынын алға тартты.

 – Коронавирус пандемиясы бүкіл әлемдегі білім беру саласына қомақты әсерін тигізді. Қазіргі таңда білім беру мекемелері, оқушылар мен педагогтар қашықтықтан оқыту үдерісіне бейімделген. ҚР Үкіметінің резервінен қашықтықтан оқытуды жетілдіруді ұйымдастыру мақсатымен ағымдағы жылдың қазан, қараша айларында 1119 бірлік компьютерлік техника, 938 ноутбук, 103 планшет бөлінді, – деп атап өтті аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Әділ Кауметов.

Сонымен қатар кездесуде кандидаттар тұрғындарды толғандырған сауалдарды тыңдап, оларға нақты жауаптарын берді. Өз кезегінде тұрғындар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында белгіленген басымдықтарды қолдайтындарын айтты.

Болашақ халық қалаулылары ауыл тұрғындарына «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламаларын таратып, 2021 жылдың 10 қаңтарындағы сайлауға қатысып, белсенді азаматтық көзқарас танытуға шақырды. Қиындықты бірлесе еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Шортанды ауданының сайлау қорының қаражатынан төленді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img