spot_img
Сейсенбі, Қаңтар 13, 2026
-30.8 C
Kokshetau

481 қазақстандық шет елден ПТР-анықтамасыз келді

Сондай-ақ...оқыңыз

13 желтоқсанда Қазақстан аумағына Ұлыбритания, Германия, Мальдив, Мысыр, Түркия, БАӘ, Ресей, Украина, Қырғызстан және Өзбекстан елдерінен 20 халықаралық әуе рейсімен 2 734 жолаушы келген. 2 253 адамда ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болса, 481 адам анықтамасыз келген. Олардың бәрі – Қазақстан азаматтары. Бұл туралы Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті хабарлайды.

Атап айтқанда:

  • Алматы әуежайына – 11 рейс (1 639 жолаушы, анықтамамен – 1 402, анықтамасыз – 237);
  • Нұр-Сұлтан әуежайына – 6 рейс (1 059 жолаушы, анықтамамен – 815; анықтамасыз – 244);
  • Қарағанды әуежайына – 2 рейс (30 жолаушы анықтамамен келген).
  • Ақтау әуежайына – 1 рейс (6 жолаушы анықтамамен келген).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтіп, карантиндік стационарларда нәтижесін күтуде. Бір күн бұрын, 12 желтоқсанда анықтамасыз келген 243 адамның ПТР сынамалары теріс нәтиже көрсетті.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика