spot_img
Бейсенбі, Қазан 24, 2024
4.2 C
Kokshetau

«Нұр Отан» партиясының Мәжіліс депутаттығына Ақмола облысынан кандидаттар анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

Праймериз қорытындысы бойынша Ақмола облысынан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат болып белгіленген өз қызметі саласында үлкен тәжірибесі бар, өңірде танымал тұлғалар Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсімбаев,, «Орлёнок» ЖШС директоры Павел Безвербный және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев медицина саласының өкілдерімен кездесті.

Өз сөзінде Асқарбек Сиязбекұлы өзі жетекшілік ететін ауданда денсаулық сақтау мекемелерінің жұмысына тоқталды. Бүгінгі таңда медицина қызметкерлерін баспанамен қамту жолға қойылған. Қазір басты мәселе жедел жәрдем көліктерімен қамту, оттегі баллондарын қосатын нүктелерді аудандық ауруханаға орнату жайлы айтты. Сонымен қатар балалардың денсаулығын жақсарту, спортпен шұғылданатын орындарды көбейту жайлы да айтты. Кандидаттың алға қойған мақсаты ауыл аймақты көркейту. Себебі 19 жыл бірнеше ауданды басқарып, ауыл тұрғындарының мұң мұқтажына әбден қанық.
Өзінің сайлауалды бағдарламасына «Орлёнок’ сауықтыру орталығының директоры Павел Безвербный балалар мен ересектер денсаулығын жақсартуға мүдделі. Себебі, елімізде ұлт саулығына баса мән беріп отыр. Кандидат осы мәселеге баса мән бермек.


Мәжіліс депутаттығынан үміткер Мәди Елубаев та өз сөзінде «Nur Otan» партиясы ның қатары жастармен толығып жатқанына тоқталды. Соңғы жылдары ауылға жұмысқа барып жатқан жас мамандарға 1 млн теңгеге дейін жәрдемақы төленіп отыр. Сонымен қатар осы топырақтан түлеп шыққан медицина мамандарын жұмысқа тарту, оларға әкімнің сыйақысын тағайындау арқылы өңірде тұрақтап қалуына қолдау білдіру жолға қойылғанын атап өтті. Сайлаушылар тарапынан сөз алған облыстық аурухананың бас дәрігері Нұрлан Жаров медицина мамандарының жетіспеушілігіне байланысты жастарға бөлінетін гранттарды ұлғайту қажет деді. Олар өз саласы бойынша білімін жетілдіріп отыруы тиіс. Сондықтан заңға осындай толықтырулар енгізілсе деген тілегін жеткізді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жаңа басшысы Нариман Сыздықов кандидаттарды медицина саласы мамандарының жалақысын қайта қарау, әлеуметтік жағдайына баса мән беруге шақырды. Көкшетау қалалық емханасының меңгерушісі Ғалия Сабатаева бүгінгі таңда қаланың 95 мың тұрғынына қызмет көрсететінін, олардың әр бірінің үйіне орта буын мамандары баратынын, сондықтан сондай мамандарға жағдай жасау керек екенін алға тартты. Қаңғыбастардың да мәселесін шешу керек деді ол өз сөзінде. Медицина мамандары ана мен бала денсаулығын жақсарту, балаларды сауықтыру орталықтарын қолжетімді ету, медицина мамандарын сапалы оқыту жайын қозғады. Кандидаттардан осы мәселеге ерекше назар аударуды сұрады.

 

Халық үшін қызмет істейміз 

Дәл осындай уәдесін берген «Nur Otan» партиясы Ақмола облыстық филиалы атынан ҚР Парламенті Мәжілісіне депутаттыққа кандидаттар Бурабай ауданындағы «Орленок» ЖШС директоры Павел Безвербный, Сандықтау ауданының әкімі Асқарбек Үйсінбаев және Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінің ректоры Мәди Елубаев қазірдің өзінде халқына қалтқысыз қызмет етіп жүрген азаматтар. Бірі жас ұрпақтың денінің сау болуынан мүдделі болса, енді бірі білімді жастардың қатарының көбеюіне үлес қосуда, ал енді бірі ауыл-аймақтың ахуалын жақсартуға тырысып келеді.

«Кәсіпкер» бастауыш партия ұйымы өкілдерімен кездесу барысында сұрақтан гөрі, ұсыныс-тілектер көп айтылды. Ақмолалықтар Көкшетау қаласының тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтуға назар аударса дейді. Жолаушылар тасымалы мекемесінің жетекшісі Рүстем Қалышев  D  және D1 категориялы жүргізушілер жоқтың қасы деді. Бүгінгі таңда бір ғана облыс орталығында 200-ден астам жүргізуші жетіспейді. Күні ертеңдері қазіргі жүргізушілер зейнетке шықса, жолаушыларды тасымалдайтын адам қалмайды. Кездесу барысында өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысына көңілі толмайтын кәсіпкерлер қатары көп екені айтылды. Себебі, соның салдарынан қаншама кәсіп иесі  шығынға ұшырады. Халық денсаулығы басты назарда екені де шындық. Дегенмен жаппай аурудың таралуын болдырмаудың жалғыз алғышарты осы болып тұр. Сондықтан кәсіп иелеріне әзірше қызмет түрін өзгерту ұсынылды. Кандидаттар барлық ұсыныс-тілектерді тыңдап, алдағы уақытта шешімін табу жолында жұмыс істеуге уәде етті.

 

Үлгі тұтар әнші ағамыз…

Ән! Құдыретті ән! Көк аспанға қалықтап баяу шарлап барады. Тыңдарманын ұйытып, арқаның кең даласы ұйып, тілсіз қалғандай. Абылай алаңынан шыққан әннің иесі кең жауырынды, аққұба өңді зор дауысты ел ағасы жасына келіп қалған, әншінің домбыра қағысы да айрықша. Атақты Біржан салдың әні «Көкек». Шіркін есті адам құлақ салып тыңдаса астары да тереңде,мағынасы зор,мазмұны да айрықша. Абылайдың ақ алаңынан шарықтап әуелеп шыққан әншінің дауысы сәруәр самалды кең дала өзіне қарай бейімдеп,баурап, иелік етіп алғандай.


Әнші. Әнші елдің -еркесі. Ықылым заманнан бері,жырау ,сүлейлердің мекені болған бұл өңір әншіден де, әннен де кем емес. Атағы алысқа кеткен,алты алаштың игі жақсы мен жайсаңы,батыры мен бағланы ақ киізге орап хан көтерген хан Абылайдың қырық сегіз жылдық хандық құрған өлкесі әнсіз,әншісіз болар ма?
Әуелеп шыққан әншінің есімі Нұрлыбек. Жас шамасы алпыстан жаңа асқан. Қайраты бойында. Дауысы бірде зорайып барып, бәсеңсіп қайтадан қайырмасына келгенде жіңішкеленіп әнді нақышына келтіріп орындап тұр. Нұрлыбек ағаның есімі,аудан,облыс,республикаға кеңінен танымал. Бурабай ауданында (ол кезде Щучинск. Ж.О) еліміз тәуелсіздік алып, Нұрсұлтандай көшбасшы ел тізгінің қолына алып,шекарасын бекітіп жатқан әрі-сәрі кезеңге шейін аты мен заты,атауы мен ресмиленіп тұрған өңірге алғашқылардың бірі болып «Көкше әуендері» фольклорлық ансамбльін ашып, әнге шөлдеп, әншіні сағынып отырған бурабайлықтар үшін бұл үлкен тың жаңалық еді. Содан бері Нұрекең талай сахнада ән айтып, ән өнерінде өзіндік қолтаңбасын қалдырып шыңдардан көріп,шырқап жүр. Елбасы қасиетті өңірге ат басын тірегенде әнші Нұрлыбектің әніне тәнті болып батасын да берген болатын-ды. Киелі Семей топырағының тумасы,жеті атасынан бері қанынан жүрек тамырынан ән үзілмей келе жатқан Нұрлыбек Сағындықұлы Байшұңғұловтың кез-келген ортаны әнімен,үстіне киген қазақы қалыптағы ұлттық киімі,үкілі домбырасымен баурап алатын терең өнер иесі. Талай шәкірттің шырағын жағып бойына ұлттық өнердің болмысын дарытып жүрген ағаның дауысы өр Оқжетпестен әрі асып, мың құбылған қылтасы тар Жұмбақтастың жалаң жартасында жаңғырып тұр. Құлақтан кіріп,жанды баураған әнге тамсанып үнсіз отырмыз. «Пәлі шіркін,әнші болсаң Нұрекендей бол!»-деді бір қария.
Өлең мен өнерді бойына жинап ұлттық құндылықты сақтап,ұрпаққа сабақтастырып жүрген Нұрлыбек Сағындықұлы біздің Бурабай өңірінің бетке ұстар аға буындағы талантты өнер адамының бірі. Талантты тұлға «Мәдениет қайраткері» төсбелгісімен марапатталған, облыстық,республикалық ,аудандық мадақ-мадақтамаға қол жеткізіп,жас буынды ән өнеріне баулып,баурап жүрген танымал ұстаз.
«Nur Otan» партиясының мүшесі. Отағасы. Немере сүйген бақытты ата.
Бабаларымыз аңсаған,аталарымыз қол жеткізе алмаған осы бір баянды,бақытты кезеңнің ғұмыры ұзақ, тәуелсіздігі ғұмырлық болса екен дейді аға өз сөзінде.
Аға буынның тәрбие басы болып жүрген өнер адамына қарап,бурабайлық өнер өлкесінде жүрген жастар бой түзеп келеді. Әнімен алты алаштың көңілін баурап,жүрегінен тапқан әнші ағаның бойындағы азаматтық болмысына қарап біз сүйсініп үлгі,мақтаныш тұтамыз.

 

«Nur Otan» партиясы – жарқын істердің бастамашысы 

Еліміздің тәуелсіздік туын ұстағалы бері халықпен бірге келе жатқан “Nur Otan” партиясы өз міндетін мен мақсатын көз алдымызда айқын орындап келеді.
Еліміз үшін маңызды,
тарихи сәттерде “Nur Otan” партиясы өз тарапынан қолдау көрсетті. Партияның жалынды жастары өз істерімен жас ұрпаққа үлгі,өнеге бола білді.


Мәдениет саласында да, партияның атқарған игі істері айтарлық. “Nur Otan” парииясының бастамасымен елімізде “Қазақстан кітапханалары” атты жаңа жоба құрылды. Бұл жоба барлық кітапханаларды бір арнаға тоғыстырып, бірыңғай онлайн кітапханасын құру мақсаты алға қойылды. Осы бастаманың арқасында еліміздің республикалық, облыстық, қалалық, аудандық кітапханаларында коворкинг орталықтары ашылды. Бурабай ауданының “Орталықтандырылған кітапханалық жүйесінде” 2018жылы орталық аудандық балалар кітапханасында коворкинг орталығы ашылып, оқырманға сапалы қызмет көрсетіп, кітапхананың тек ақпараттық орталық қана емес, мәдени-демалыс орны екендігін көрсетті. Нәтижесінде кітапханамыз өлкетану қорының әдебиеттерін сандық көшірмеге көшіру жұмысын қолға алды. 2019 жылы арнайы кәсіби сканер алынып, қорды электронды форматка көшіру жұмысы жасалынуда.
Биылғы жылы еліміз үшін үлкен сынақ болған пандемия кезеңінде партия мүшелері халыққа көмегін аямады.
” Nur Otan” партиясы-жарқын істердің бастамашысы. Ал, ел мүддесі мен оның тағдыры партия үшін бірінші кезекте.
Құрметті қазақстандықтар, 2021жылы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезекті сайлауында “Nur Otan” партиясына қолдау білдірейік.

Бурабай ауданының”Орталықтандырылған кітапханалық жүйе”КММ-нің директоры Рамазанова Назира Қуанышқызы

 

 

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қазақстансаяхаттауға арналған ең үздік елдердің бірі деп жариялады

Достар, сүйінші жаңалық! Әлемдегі жетекші баспа Lonely Planet Қазақстанды жыл сайынғы Best in Travel 2025 рейтингінде саяхаттауға арналған ең...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img