Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі үй карантині қамтамасыз етілген отбасындағы адамдарға арналған нұсқаулықты жариялады, – деп хабарлайды «Aqmola News»
Оған сәйкес:
– бөгде адамдардың үйге кіруіне тыйым салынуы керек,
– карантин бөлмесіне кірер кезде медициналық масканы нығыздап, мұрын мен ауызды жауып туратындай кию керек. Егер медициналық маска кірлеп немесе дымқылданып кетсе оны жаңа маскаға ауыстыру қажет. Медициналық масканы шешкен кезде тиісті техниканы ұмытпай, алдынғы бөлігін ұстамау керек,
– отбасындағы адамдардың дене қызуын күніне рет өлшеген жөн,
– бөлмені күніне 2 рет жетдеткен дұрыс,
– күнделікті дымқыл тазалықты жүргізу керек,
– қолды сабынмен жиі жуып, антисептикпен сүртіп отыру керек. Қолды сүрткен кезде бір реттік майлықты пайдаланған абзал,
– отбасының әрбір мүшесі жеке тазалық үшін бөлек ыдысты пайдалануы тиіс,
– жөтел немесе түшкіру кезінде ауыз бен мұрынды жабу керек. Вирустың таралуына жол бермеу үшін бір реттік майлықты пайдалану керек. Осыдан кейін бірден қолды сабындап жуып, антисептикпен сүрту керек,
Отбасындағы әрбір адамнан дене қызу немесе жайсыздық байқалса COVID-19 бойынша колл-центріне хабарласу немесе өтінім себебін түсіндіре отырып, жедел жәрдем шақыру қажет.