Көкшетауда күдіктінің қайтыс болуына байланысты 13 жастағы оқушы қызды зорлау және өлтіру туралы қылмыстық іс жабылды, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қылмыстық іс күдікті азаматтың қайтыс болуына байланысты жабылған.
Күдікті азамат қайтыс болғандықтан жәбірленушінің туған-туыстары мен күдіктінің анасы мен адвокаты қылмыстық іс материалдарымен таныстырылған.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше алдын алал тергеу органдарымен ұсынылған дәлелдер бойынша олар қабылданған процесуалдық шешіммен келіскен. Істің күдікті тұлғаның қайтыс болуы себепті тоқтатылған.
«Сотқа дейінгі тергеу амалдары барысында оннан астам сот сараптамалары жасалды. Жүзден астам адамнан жауап алынып, жәбірленуші мен күдікті тұлғаның жүрген бағыты бойынша сырттай бақылау камераларының бейнежазбалары мен сонымен қатар олардың ұялы телефондары зерттелді, – деді Ақмола облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәр Пинчук.
Жүргізілген жедел тергеу шараларының нәтижесінде күдікті азаматтың кім екені анықталып, оның кінәсін толығымен дәлелдейтін айғақтар табылған.
Естеріңізге сала кетсек, Красный Яр селосында осы жылдың 20 тамызында 13 жастағы оқушы қыз шаштаразға барып сол күйі оралмаған. Содан бір апта өткен соң ғана зорлықпен өлтірілген қыздың денесі табылды.
Аталған факті бойынша қылмыстық кодексітің 99 «Кісі өлтіру» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталған. Кейін аталған іс бойынша қосымша қылмыстық кодекстің 120 «Зорлық» бабымен тағы бір қылмыстық іс қозғалған. Полиция күдікті азаматты тапты. Бірақ тергеуден кейін ол өз-өзіне қол жұмсап көз жұмды.