spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Бурабайда «Батырлар» атты жаңа архитектуралық композиция пайда болды 

Сондай-ақ...оқыңыз
Бурабайдың Абылай хан алаңында «Батырлар» атты ерекше архитектуралық композциялар пайда болды. Осыған дейін туристердің назарын аударатын түрлі тарихи және мәдени ескерткіштер қатары тағы бір тамаша туындымен толықты, деп хабарлайды «Aqmola News».
Жаңа көркем мүсін композициясының биіктігі 7,3 метр ал ұзындығы 16,8 метрді құрайды. Туристік кешен қазақ халқының мәдениеті мен табиғаттың үйлесімділігін айшықтай түседі.
«Абылай хан алаңына келетін қонақтарға композицияның екі сюжеттік желісі ұсынылады. Алғашқысында көркем бейнелер жақын маңнан едәуір анық көрінеді. Мұнда қазақ халқының ежелгі тұрмысы мен әдет-ғұрпынан сыр шертетін бүркітшінің аң аулауы, «Көкпар», «Қыз қуу» және «Жамбы ату» сияқты ұлттық ойындары айшықталған графикалық бейнелер салынған. Ал екінші жоспарда қашықтан көз салған адамға жеті батырдың сұлбалары көрінгендей болады. Батырлар бұл қазақ халқының рухани құндылықтары мен батылдық, ерлік, әділдік, батырлық сияқты қасиеттерін айқындай түседі, – дейді «Бурабай Даму» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінен.
Мекеменің баспасөз қызметінің мәліметінше батырлардың бет-бейнесін тек 35 метр қашықтықтан ғана көруге болады. Батырларды жекелей көру мүмкін емес екен.
Сұлбалар бір-бірімен бөліктерге бөлінгендіктен оларды әрқайсысын бөлек көру мүмкін болмайды. Жеті батырды осылай салудағы мақсат та халықтың бірлігіне басымдық беруден болған. Жеті батырдың кескіні туларды, ал қойылған тіреулер қыран бүркіт пен күн көзін бейнелейтін тудың ұшын көрсетіпті.
 «Барлық орнатылған жаңа кескіндер табиғатпен ерекше үйлесімділікте жасалды. Жалпы Бурабайда бұдан бөқлек басқа да бірқатар нысандарды абаттандыру жоспарланған. Атап айтқанда Кенесары үңгіріне таман аумақта демалатын күркелер мен шағын архитектуралық ескерткіштер қойылмақ. Ал Иманай бұлақтарында ақпараттық стендттер, аспалы көпірлер, орындықтар мен күркелер орналастырмақпыз», – дейді ұйымдастырушылар.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img