spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
2.6 C
Kokshetau

Ақмолада «Ел үлесі – пәтерге» жобасымен кезекті отбасы баспаналы болды

Сондай-ақ...оқыңыз

«Ел үлесі — пәтерге!» бастамасы осыдан біраз жыл бұрын Ақмола облысында бастау алған еді. Бүгінде бұл республикалық қайырымдылық жобаға айналды. Осы жылдары жүздеген пәтер қайырымдылық негізде мұқтаж отбасыларға тарту етілді, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы мешітінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасиетті жұма күні Ақмола облысының бас имамы Қуаныш қажы Сәбит Шортанды ауданына қарасты Новокубанка ауылының тұрғынына кезекті үйді салтанатты жағдайда тапсырды.
Аудан имамы Бақытбол Разданұлының айтуынша, жаңа қонысқа ие болған отбасының бұрынғы үйі тілсіз жау — өртке оранып, өздері далада қалған еді.

«Ауданның барлық ауыл мешіттері молдалары үн көтеріп, жылу жинауға бастама жасаған еді. Жергілікті тұрғындар да бұл бастаманы қолдап, барлығы 2 миллион 800 мың теңге қаражат жинады. Осы қаражатқа үй сатылып алынып, қасиетті жұма күні мұқтаж отбасыға сыйға тартылды, – дейді Бақытбол Разданұлы.
Сонау Монғолиядан тарихи Отанына қоныс аударған бұл отбасының елге де, имамдарға да айтар алғысы да мол.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика