spot_img
Дүйсенбі, Тамыз 18, 2025
11.4 C
Kokshetau

Вероника Антипова Ақмола облысының үздік экскурсия жетекшісі атанды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында тұрғындар арасында музей саласын кеңірек насихаттау мақсатында облыстық 2-ші «Үздік экскурсия жетекшісі» байқауы өтті, деп хабарлайды «Aqmola News».

Онлайн форматта өткен музей мамандары арасындағы конкурстқа облыстың әр түкпірінен 9 музей қызметкері қатысты. Үш кезеңге созылған байқауда музей қызметкерлері өздерінің шеберліктерін байқауға тырысты. Алғашқы кезеңде әр қатысушы портфолио әзірлесе, екінші кезеңде «Менің тарихым музейде» атты бейнеролик форматында экскурсия ұсынылды. Ал үшінші шешу кезеңде ZOOM платформасында «Өз ісінің шебері» әр деңгейдегі келушілерге экскурсия ұйымдастырудағы кәсіби шеберлігі мен біліктілігін көтерсетті», – деп атап өтті облыстық мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасынан.

Байқаудың үш кезеңі және онлайн дауыс беру қорытындысы бойынша байқаудың бас жүлдесі Ақмола облыстық тарихи-өлкетану музейінің экскурсоводы Вероника Антипова жеңіп алды.

Ал Көкшетау қаласы тарихы музейінің қызметкері Айым Біләлова, Іляс Есенберлин әдеби мұражайының қызметкері Үмітжан Бекенова, Мәлік Ғабдуллин музейінің қызметкері Аягөз Махметова жүлдегерлер атанды. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері арнайы диплом және ақшалай сертификаттарға ие болды.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысының екі ауданында күздік дақылдарды жинау аяқталды – 51,1 мың тонна астық жиналды

Еліміздің жетекші аграрлық өңірлерінің бірі – Ақмола облысы егін жинауға кірісті. Жұмыстарға 7 мыңнан астам астық жинайтын комбайн тартылды,...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика