spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-30.8 C
Kokshetau

2 желтоқсанға арналған ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

2 желтоқсан күні фронталды бөліктердің ықпалымен еліміздің оңтүстігі, оңтүстік-батысы және оңтүстік-шығысының кей жерінде жауын-шашын (көбінесе қар), солтүстіктің кей жерінде – аздаған қар жауады. Қазақстанның қалған бөлігінде антициклонның әсерінен күн райы ашық болады. Бұл туралы «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі хабарлайды.

Сондай-ақ, республиканың кей жерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейіп, оңтүстікте жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Түркістан облысының кей жерінде тұман түсіп, жаяу бұрқасын соғады, желдің күші 15-20 м/с жетуі мүмкін.

Жамбыл облысының кей жерінде тұман түсіп, жел күшейеді, жылдамдығы 15-20 м/с жетеді, күндіз көктайғақ болуы ықтимал.

Алматы облысының кей аумағында түнде және таңертең тұман түсіп, күндіз Жалаңашкөл ауданында жел 15-20 м/с күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, күндіз Қарағанды ​​облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Маңғыстау облысының кей жерінде көктайғақ болады.

Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман түсуі мүмкін, Ақмола облысының кей жерінде жаяу бұрқасын соғады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика