spot_img
Жұма, Қараша 21, 2025
0.9 C
Kokshetau

Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің өнерпаздары республикалық марафонға дайындалуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Республика көлемінде Назарбаев зияткерлік мектептерінде Тұңғыш Президент күні қарсаңында дәстүрлі «Ұлы дала мұрагерлері» домбырашылар марафоны бастау алады. Бұл шараға көкшелік жас өнерпаздар да қатысады,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Аталған мереке күні NIS-тің барлық YouTube арналарында домбырашылар өнер көрсетеді.

Көкшетаудағы Назарбаев зияткерлік мектебінің «Шаттық» ансамблінің орындауында Құрманғазының «Балбырауын», » Адай», Ә.Желдібаевтың «Ерке сылқым», Дәулеткерей Көрұғұлының шығармаларын орындайды.

Ансамбль жетекшісі Әділ Төреғожаның айтуынша, бүгінде дайындық қызған. Сабақ уақытынан тыс кезінде 10 орындаушыдан тұратын үйірме мүшелері тиянақты дайындық жүргізуде.

1-желтоқсанда Назарбаев Зияткерлік мектептерінде оқитын «Ұлы дала мұрагерлері» NIS-тің барлық YouTube арналарында Құрманғазы мен Дәулеткерейдің, Нұрғиса Тілендиевтің атақты күйлерін орындайды. ⠀



Айта кетерлігі, Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай, еліміздің барлық зияткерлік мектептер желісінде ауқымды бағдарламалар жоспарланған.

Мереке күні Зияткерлік мектептерінде қашықтан ұйымдастырылған «Туған елге тағзым» тарихи-өлкетану- зерттеу экспедициясы да өз мәресіне жетпек.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында да қаржылық пирамидалардың құрбандары жыл сайын артып келеді

Мұндай алаяқтық схемалар азаматтардың сенімін пайдаланып, жылдам табысқа құмарлығын, экономикалық қысымды қолданады. Бұл туралы сұхбат барысында Ақмола облысы бойынша...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика