spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.4 C
Kokshetau

Көкшетауда тіркеу науқанында 3 мыңнан астам тұрғын жеке клиниканы таңдаған

Сондай-ақ...оқыңыз

Биылғы медициналық ұйымдарға тіркеу науқанында  Ақмола облысы бойынша 787 988 адам тіркелді, 3 мыңнан астам тұрғын жеке клиникаға тіркелді,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорын» коммерциялық акционерлік қоғамы Ақмола п облыстық филиалының директоры Әлия Жүсіпова айтты

15 қыркүйек пен 15 қараша аралығында Көкшетау қаласында 3654 адам емханаға тіркелсе, оның 3232-і – жеке клиника «Оңалту-Авиценна» медициналық мекемесін таңдағаны белгілі болды.

«Биылғы науқанға алғаш рет Көкшетау қаласындағы «Оңалту-Авиценна» медициналық мекемесі қатысты. Жалпы, келер жылы Ақмола облысы бойынша 25 медициналық ұйым бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін болады. Биыл бұл көрсеткіш 24 медицина ұйымын құрап отыр», – дейді Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры Ақмола облыстық филиалының директоры Әлия Жүсіпова.

Айта кету керек, науқан кезінде бастапқы медициналық – санитарлық көмек алу үшін медициналық ұйымдарға тіркелген азаматтар 2021 жылдың 1-ші қаңтарынан бастап, көмек ала бастайды. Әзірге, жыл соңына дейін бұрын тіркелген орындары бойынша қызмет көрсетіледі.

«Біздің емхана үшін бұл – жаңа тәжірибе. Әзірге бізде екі бөлімше бар. Онда науқастарға кепілдендірілген көлем және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық көмек көрсетіледі. Келешекте терапевтік бөлімшелердің санын арттыру жоспарда бар», – дейді «Оңалту-Авиценна» медицина мекемесі оңалту орталығының меңгерушісі Әлихан Евлоев.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img