spot_img
Сенбі, Ақпан 28, 2026
-25.6 C
Kokshetau

Ақмолада биыл 455 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында «Нұрлы жер» бағдарламасы жүзеге асырылғаннан бері 1,5 миллион шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Соның арқасында 13 мың ақмолалық отбасы қоныс тойын тойлады, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлім етті.

Биыл жоспарланған 570 мың шаршы метр тұрғын үйдің 455 мың шаршы метрі яғни 3668 пәтер пайдалануға берілген.

«Мемлекеттік инвестициялар есебінен 30 жалдамалы және 13 несиелік тұрғын үйлер салынған. Оның ішінде қоғамның әлеуметтік осал тобы санатындағы адамдарға 500 жалдамалы пәтерлерді бөлуді жоспарлап отырмыз. Мұнымен қоса «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша 175 отбасы жеңілдікпен берілетін тұрғын үйлердің иесі атанды. Ақмолалықтар «7-20-25″ бағдарламасымен де белсенді түрде қатысып жатыр. Жалпы 8,3 млрд теңгенің 910 өтінім мақұлданып, 910 отбасы баспаналы болды» – деді Ермек Маржықпаев.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Конституциялық реформаның мазмұнын тереңірек түсінуге және оның ел дамуына әсерін пайымдауға мүмкіндік берді

Мағжан Жұмабаев атындағы Ақмола облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында «Конституциялық реформа — негізгі өзгерістер» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.  Шараның  мақсаты...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика