spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Зеренді ауданында алдағы 5-6 жылдың көлемінде ірі инфестициялық жобалар іске асырылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

Зеренді ауданында Құмдыкөл алмас кен орнында техникалық алмас концентраттарын шығаратын фабрика салыну жоспарлануда. Жоба құны 11 миллиард теңге,-деп хабарлайды «Aqmola News»Зеренді ауданының әкімдігіне сілтеме жасап. 

Бұл туралы аудан әкімі Бауыржан Ғайса жеткізді. Оның айтуынша, жылына 3 мың тонна концентрат шығаруға қауқарлы фабриканың құрылысы 2022 жылдың соңында пайдалануға берілмек.

Бұдан бөлек, Бұлақ ауылдық округінде кірпіш зауытының құрылысы басталды. Зауыт іске қосылса, жылына 22 миллион дана кірпіш шығарылмақ. Тағы 2 ірі ауыл шаруашылығы жобасын іске асыру мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

Жылына 50 мың тонна ет өндіретін құс фабрикасын және 50 мың тонна шошқа етін өндіретін кешен  салу жоспарда бар. Сондай-ақ, ірі қара мал етін өңдейтін, қоян өсіретін кешендер жобасы да кезең-кезеңімен іске қосылмақ. Тұтастай алғанда, барлық жобаларды алдағы 5-6 жылда жүзеге асыру арқылы ауданға 100 миллиард теңгеден астам инвестиция тартамыз. Бір мыңнан астам жұмыс орны ашылады,-дейді Бауыржан Ғайса  

Жалпы, Зеренді ауданында тау-кен өнеркәсібі қарқынды дамып келе жатыр. Әкімнің сөзінше, өткен 10 айда өнім өндіру көлемі 341 миллиард теңгеге жеткен.

Мәселен, «Алтынтау Көкшетау» кәсіпорны 21 тоннадан астам алтын және 346 килограмм күміс өндірді. Сондай-ақ, өңірде бірнеше ірі инвестициялық жобаны жүзеге асыруға қатысты  жұмыстар атқарылып жатыр.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img