spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-32.1 C
Kokshetau

Қазақстанға ұшып келген 2 адамнан коронавирус анықталды

Сондай-ақ...оқыңыз

25 қарашада Қазақстан аумағына Египет, Түркия, Ресей, Корея, БАӘ, Нидерланды, Беларусь және Өзбекстан елдерінен 12 халықаралық әуе рейсімен мыңнан астам жолаушы келді.

Көліктегі санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті мәліметі бойынша, 1 026 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 921 адам, анықтамасыз 105 адам (ҚР азаматтары) келді.

Оның ішінде:

  • Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 6 рейс (507 жолаушы, анықтамамен – 431, анықтамасыз – 76);
  • Алматы қаласының әуежайына – 5 рейс (420 жолаушы, анықтамамен – 391, анықтамасыз – 29);
  • Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс (барлық 99 жолаушы анықтамамен келді).

Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен тестілеуден өтті. ПТР-талдау нәтижелері бойынша екі жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мәжіліс депутаттары Көкшетаудағы аутизммен ауыратын балаларды қолдау орталығының жұмысымен танысты

12 қаңтар, Көкшетау. Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Айна Мысырәлімова, Наталья Дементьева және Юлия Кучинская Көкшетау қаласындағы аутизммен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика