Бүгін таңертең, Ақмола облысының Атбасар қаласында Бегілдинов көшесіндегі тұрғын үйде өрт шығып, оқиға орнынан отбасы мүшелері құтқарылды,-деп хабарлады Ақмола облысы ТЖД баспасөз қызметі.
Өрт шыққан үйде 1967 жылы туған және 1988 жылы туған әйел адам мен 2013 жылы туған бала, сондай-ақ, отбасының автокөлігі құтқарылды.
«08 сағат 25 минутта өрт туралы хабарлама келіп түсті. Келген бойда үйге жапсарлас салынған гараж және тұрғын үй конструкциялары жанып жатқаны анықталды. Үйден шығу жолдары отпен жабылды. Үш адамнан тұратын отбасы – бұл үйде қызы мен немересі бар ана болды. Өрт сөндірушілер жедел іске қосылып, үйге кіріп, оттегі маскаларын пайдаланып, үй иелерін құтқарды. 20 минут ішінде өрт толығымен жойылды», – деді Атбасар ауданының ТЖ бөлімінің бастығы Ерболат Ашкенов.
Өрттің алдын ала себебі – электр сымдарының қысқа тұйықталуы. Өртті сөндіруге ТЖ департаментінің күштері мен құралдары жұмылдырылды.
Сонымен қатар, бүгін түнде Атбасарлық өрт сөндірушілер Атбасар қаласындағы жылыту пунктіне жеткізілген техникалық ақаулы автокөліктен екі адамды салқындаудан құтқарды. Ақмола облысының ТЖД көп жағдайда өрт – адамдардың өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтаудағы бейқамсыздығы мен ұқыпсыздығының нәтижесі екенін еске салады. Тұрмыстағы өрттердің негізгі себептері – бұл, ең алдымен, отпен абайсыз жұмыс істеу электр жабдығының ақаулығы, пештер мен тұрмыстық электр қыздырғыш аспаптарын пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы.
Өрт қауіпсіздігі ережелері туралы біздің @aqmola_tjd парақшамыздан біле аласыздар,-делінген хабарламада.