spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында 455 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысында жыл басынан бері 455 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда едәуір жоғары көрсеткіш болып отыр, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақмола облысы Ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап. 

Құрылыс жұмыстарынан аудандар арасында Целиноград ауданы көш бастап келеді. Бұл ауданда осы жылдың 10 айында бөлінген қаражат сомасы 18 миллиард 764 миллион теңгені құраған. 182 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген. Жыл соңына дейін тағы 225 мың шаршы метр тұрғын үй беру жоспарланған. 

Нұрлы жер» бағдарламасы шеңберінде Ақмол және Қосшы ауылдарының шет жақтарынан 45 пәтерлі үш бірдей тұрғын үй құрылысы жүріп жатыр. «Сондай-ақ  Қосшы ауылында 45 пәтерлі бір несиелік үйдің және Ақмол ауылында 75 пәтерлі бір тұрғын үйдің құрылысына жобалық-сметалық құжаттамалар жасалуда. Ал Ақмол ауылындағы 26 пәтерлі көп қабатты тұрғын үйдің жобалық құжаттамасына түзетулер жасалуда, дейді Целиноград ауданы әкімдігінен.

Аудан әкімдігінің мәліметінше әлеуметтік инфрақұрылымның дамуына аса зор мән берілуде. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасымен биыл Ақмол ауылында ФОК құрылысы салынып, оны келер жылы аяқтау жоспарланған. ХҚКО-ы, әкімшілік және салық басқармасының құрылысы жобалары әзірленген. Сонымен қатар Қоянды аулында 356 орындық мәдениет үйінің құрылысының жобасы сараптамаға берілген. Қоянды ауылындағы ФОК құрылысының жобасына түзетулер жасалуда.

Сондай-ақ аудандағы Арайлы және Шұбар және Төңкеріс ауылдарында 3 бірдей балабақша салуға жобалық-сметалық құжаттамалар жасалған. Ал 9 елдімекенде мектептердің құрылысы жобасы қолға алынуда.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика