spot_img
Жұма, Сәуір 11, 2025
16.5 C
Kokshetau

Бурабай ауданында сағатына 10 гкал жылу қуатын беретін екі қазандық салынуда

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл Бурабай ауданында №1 жылу қазандығын жəне оның қосалқы жабдығын ағымдағы жөндеуден өткізуге «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында 429 миллион теңге бөлінді. Өңірде сағатына 10 гкал жылу қуаттылығын беретін екі қазандық орнатылуда,-деп хабарлайды «Aqmola News».

«Бурабай жылу» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің бас директоры Зейнур Альбековтың айтуынша, жаңартылған қазандық аудандағы жылу жүйесінің сапасын жақсартып, жаңа құрлығылар басқару тетіктерінің жұмысын жеңілдеткен.

Барлық желілердің жұмысы жылу қазандығында орнатылған орталықтандырылған басқару жүйесі арқылы реттеліп жəне бақыланып отырады. Бұл жұмыстарға облыс əкімі жоғары баға беріп, бейнебақылау жүйесі цифрландырудың жақсы үлгісі екенін айтты,-дейді Зейнұр Альбеков.

Жалпы, ауданда жылу желілерін жаңарту жұмыстары жыл сайын жүргізілуде. Сонымен қатар, қазіргі таңда Бурабай кентіндегі жылу қазандығының жобалық қуаттылығын кеңейту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Сағатына 10 гкал жылу қуаттылығын беретін екі қазандық орнатылуда.

Щучинск қаласындағы жылу жүйелері 82 шақырымды құрайды, оның 32 шақырымы  тозығы жеткендіктен жөндеуді қажет етеді.

Биыл мемлекеттік бағдарламалар аясында қалада 5 жарым шақырым жылу құбыры жаңартылды.  Туристік өңірдің жылу беру жүйесіне 2 млрд. теңге бөлінген.

Ал биыл жөндеу көрген жаңа қазандық жылдар бойы жылудан зардап шегіп келген көпқабатты 3 тұрғын үйді орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылуға мүмкіндік берген.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында «Серпін» өңірлік жобалық офисінің отырысы өтті

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде аймақтық «Серпін» жобасын жүзеге асыру бойынша Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаевтың төрағалығымен кезекті...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img