spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Екінші тоқсанда 3700 мектеп дәстүрлі форматта жұмыс істейді

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Білім және ғылым министрлігі екінші тоқсандағы оқу барысын баяндады, деп хабарлайды «Aqmola News» Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

– БҒМ Қазақстанда 3700 білім ұясында балалар мектепке барып оқып жүр Нұр-Сұлтанда бір мектеп карантинге жабылды «Қазақстанда 7 мыңға жуық мектеп бар, олардың 3700-ден астамы карантин шектеулері жағдайында дәстүрлі форматта жұмыс істеп, барлық сынып оқушыларын мектеп қабырғасында оқытып жатыр. Қалған мектептерде санитарлық дәрігерлердің талабы бойынша оқыту аралас форматта жүргізіледі: ата-аналардың өтініші бойынша мектепалды, бастауыш және 5-сынып оқушылары кезекші сыныптарда оқи алады. Бірақ әр өңір бойынша нақты шешімді жергілікті санитар дәрігерлер қабылдап, рұқсат береді», – деп хабарлады министрліктің баспасөз қызметі.

Егер бала кезекші сыныпта оқитын болса, барлық тапсырма бұрынғыдай қалыпты форматта беріледі. Яғни, бала сыныпта оқиды, ал үй тапсырмасын үйде оқулық бойынша орындайды.

«Әр мұғалімнің өз оқыту әдістемесі бар. Қосымша ресурс ретінде қолжетімді білім беру платформаларындағы контентті қалай пайдалану керектігін әр мұғалім өзі таңдайды. Дегенмен үй тапсырмасының көлемі бекітілген нормадан тым көп болмауы қажет. Қашықтан оқыту білім беру платформаларының көмегімен жүзеге асырылады. Білім министрлігі белгілі бір платформаны пайдалану бойынша талаптар қоймайды. Білім беру платформасын мектеп әкімшілігі өзі таңдайды», – дейді министрліктен.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img