spot_img
Жұма, Ақпан 6, 2026
-16.8 C
Kokshetau

Аяздан коронавирустың белсенділігі төмендейді – эпидемиолог

Сондай-ақ...оқыңыз

Қыстыгүні коронавирус инфекциясының күші жойылмайды. Бұл – эпидемиолог мамандардың пікірі. Былтыр 17 қараша күні Қытайдың Ухань қаласында Covid-19 инфекциясының алғашқы жағдайы тіркелді. Сол уақыттан бері мамандар індеттің маусымдық өршуі жөнінде түрлі болжамдарын айтты. Кейбір ғалымдар жаздың аптап ыстығы вирустың әлсіреуіне сеп болатындығын айтқан. Алайда, вирус керісінше, жазда әлем бойынша кеңінен етек жайды.

Биылғы қыс та халықты әбігерге салуы мүмкін. Ақ халаттылардың айтуынша, ауа райының төмен көрсеткіші коронавирустың белсенділігін төмендеткенімен, адам ағзасына түскен инфекцияның белсенділігі әп-сәтте қайта артады.

«Бұл маусымда вирустың таралу қаупі басым. Өйткені күн суықта адамдар таза ауадан гөрі, ОСО-да, жабық мекемелерде жиі жүреді. Сонымен қатар, күз бен қыс маусымдарында иммунитет әлсіреуі мүмкін. Қыстыгүні ғимараттардың терезелері көп ашыла берілмейтінін ескерсек, бұл да вирустың кеңінен таралуына ықпал етуі мүмкін» – деді ҚДСЖМ Қазақстандық медициналық университетінің кафедра доценті, эпидемиолог Рафаиль Қыпшақбаев.

Эпидемиолог маман мұндай жайттар тек коронавирустың қана емес, сондай-ақ тұмау және ЖРВИ ауруларының пайда болуына да себеп болатынын айтты.

Дегенмен, мамандар адам ағзасына түскен инфекцияның белсенділігі әп-сәтте қайта артатынын айтады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетау: 2026 жылға арналған қаланы дамыту басымдықтары

2026 жылы Көкшетау қаласында қалалық ортаны кешенді дамытуға және халықтың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған негізгі инфрақұрылымдық жобаларды іске...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика