spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-5.8 C
Kokshetau

Ақмола облысында әлеуметтік қызмет порталы арқылы қызмет алушылар саны артқан

Сондай-ақ...оқыңыз

Биыл Ақмола облысында әлеуметтік қызмет порталы арқылы пилоттық режимде қызмет алушылардың саны артқан,- деп хабарлайды «Aqmola News» облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Қазанның 1-нен бастап, мүмкіндігі шектеулі ымдап сөйлейтін 11 тұлғаға және 9 адам жеке көмекшінің көмегімен әлеуметтік қызмет порталы арқылы қызмет алады. Сонымен бірге, 9 ақмолалық шипажай – курорттық емдеу қызметін алу үшін өтініш берді.

Облыстық жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының дерегінше, биылғы жылдың қазан айының басында қызметтің үш түрі пилоттық режимде порталға енгізілді.

Қазанның 1-нен бастап облыста жеке көмекші, ым тіліндегі маман және шипажай – курорттық емдеу қызметтері бойынша 15 өтініш түсті. Қазіргі кезде портал арқылы бейімдеудің 130 техникалық қаражаты берілді.

«Мен ым арқылы көмек алу үшін пилоттық режим шеңберінде әлеуметтік қызмет порталына тіркелдім. Әлеуметтік қызмет порталында жұмыс істеу ыңғайлы, әрі түсінікті. Мұндағы қызметтің барысы мамандар және мүмкіндігі шектеулі жандардың тарапынан бақыланып отырады», – деп атап өтті ым арқылы көмек көрсететін маман Гущина Ирина Васильевна.

Осы ретте, мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік қызмет порталының артықшылығын айтуда.

«Порталдың іске қосылуы қызмет сапасы мен жылдамдығын арттырды. Осы арқылы тапсырысымыз тез жетеді. Тауарды жеткізу мерзімі екі аптаға қысқарды», – дейді I топтағы мүгедек Артем Ященко.

Бүгінгі таңда порталдың тізілімінде 75 жеткізіп беруші тіркелген. Оның 73-і әлеуметтік қызмет, 2 шипажай-курорттық емдеу бойынша. Қазір жеке таңдау қажет етпейтін оңалтудың 24 және 55 түрлі техникалық құралдары порталық арқылы ұсынылады. Ал, 21 жылдың қаңтар айынан бастап, жеке таңдауды қажет ететін техникалық құралдары қолжетімді болады

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img