spot_img
Сәрсенбі, Желтоқсан 3, 2025
-0.7 C
Kokshetau

Ерейментау ауданында Олжабай батырға мемориал тұрғызылмақ

Сондай-ақ...оқыңыз

«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Ерейментау ауданында Олжабай батырға мемориал салу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Құрылысты жүзеге асыруға және Олжабай батырдың мемориалын абаттандыруға меценаттар мен батырдың  ұрпақтары демеушілік жасамақ,-деп хабарлайды» Aqmola News».

Олжабай Төлебайұлы (1709-1785) Абылай ханның ту ұстаушысы болып қызмет атқарған. Ол Абылай хан жоңғарлардың қолына тұтқынға түскенде, оны құтқаруда елеулі еңбек етті.

Олжабай батырдың өмір сүрген кезеңі қазақ халқының тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» аталған қиын уақыт еді. Сол жаугершілік заманда ол бала кезінен қолына қару алып, ел қорғауға атсалысады.

Қазіргі таңда оның ұрпақтары Қазақстанның жалпыұлттық маңызы бар киелі объектілері картасына кірген Олжабай батырға арналған мемориалды салу жұмысын жүргізіп жатыр. Мемориал жерлеу орнының жанында орналасқан, қазақ батырларының қылыш, қалқан, айбалта мен өзге де қару түріндегі құрылымдары бар шағын алаң болып келеді. Мемориал үшін табиғи тастар Павлодар облысы, Баянауыл жерінен әкелінді,-дейді Ақмола облысы мәдениет, архивтер және құжаттамалар басқармасының баспасөз қызметінен. 

Құрылысты 2021 жылдың көктемінде аяқтау жоспарланған.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Алғашқы Жарлығым ауылды дамытуға арналды

«Ауыл – төл өркениетіміздің алтын қазығы. Ауылды өркендету – баршаға ортақ парыз. Мемлекет бұл мәселеге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Өздеріңіз...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика