spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.3 C
Kokshetau

Бүгін праймериздің келесі деңгейі басталады

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгін праймериздің келесі деңгейі басталады. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының хатшысы Әлібек Әлденей өзінің Facebook парақшасында хабарлады.

«10-12 қараша аралығында барлық облыстардағы қалалар мен аудандарда, Шымкент, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында 202 партиялық конференция өткізіледі.

Басты оқиға – облыс мәслихаттары мен Мәжіліс үшін «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне қосылуға үміткер болып отырған 1412 праймериз кандидаты қатысатын пікірсайыс болмақ.

Аудандық (қалалық) конференциялардағы пікірсайыстарға қатысатын кандидаттар тізімі Primaries.kz порталында жарияланды.

7-8 қараша аралығында барлық 4,5 мың бастауыш партия ұйымында жиналыстар өткізілді, нәтижесінде аудандық және қалалық партия конференцияларына 10 мыңнан астам делегат сайланды. Олар пікірсайыс қорытындысы бойынша праймериз үміткерлеріне дауыс бермек. Таңдалған сайлаушы делегаттар – праймеризге кандидат ретінде қатыспаған тұлғалар.

13 қараша күні облыстық конференцияларға қатысуға жолдама алатын аудандық (қалалық) пікірсайыс жеңімпаздарының тізімі бекітілетін облыстық филиалдардың бюролары өткізіледі.

16-17 қарашада 14 облыстық партия конференциясы өтеді. Онда облыстардан Мәжіліс сайлауына қатысу үшін «Nur Otan»-ның партиялық тізіміне кіретін праймериз кандидаттары анықталады.

Конференциялардың барлығы әлеуметтік желілерде «Nur Otan» партиясының аймақтық филиалдарының аккаунттарында тікелей эфирде көрсетілетінін естеріңізге саламын.

Барлық қатысушыларға пікірсайыстардың мазмұнды және нәтижелі болуын тілеймін!», – деді Әлібек Әлденей.

10-12 қараша аралығында еліміз бойынша 202 партиялық конференция өткізіледі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика