spot_img
Сәрсенбі, Қаңтар 14, 2026
-24.8 C
Kokshetau

Жарқайың ауданында есірткіге қарсы акция ұйымдастырылды

Сондай-ақ...оқыңыз
Жарқайың ауданында полиция қызметкерлері мен еріктілер бірлесіп, «Өлімге апарар жолға тосқауыл бол» атты есірткіге қарсы акция ұйымдастырды, деп хабарлайды «Aqmola News».
Шара барысында Державин қаласының аумағында «қауырт желі» нөмірлері жазылған үнпарақтар мен брошюралар таратылды.
Іс-шараға ПБ ЖПҚБ ювеналды полиция инспекторлары, қалалық жастар-ресурстық орталығының өкілдері және еріктілер қатысты. Іс-шараға қатысушылар орталық саябақ және көппәтерлі үйлердің аулаларында болып, үй тұрғындарын көбірек қамту үшін парақшалар таратып, хабарландыру тақталарына орналастырды. Парақшаларды тарату барысында полицейлер аудан орталығының тұрғындарына шетте қалмаудың және үйдің аулаларында, кіреберістерінде күдікті адамдардың жүруіне, жағымсыз иістің пайда болуына, есірткі дайындау және қолдануды насихаттайтын интернет-сайттар мен адамдарға назар аударуға шақырды, – дейді Жарқайың ауданы әкімдігінен.
- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Қаңтар – «Заң мен тәртіп» айы

«Адал азамат» бағдарламасы аясында қаңтар айы «Заң мен тәртіп» айы ретінде белгіленіп, өңірдегі білім беру ұйымдарында кешенді тәрбиелік іс-шаралар...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика