spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

Мемлекет басшысы Австрия президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады

Сондай-ақ...оқыңыз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Венадағы террорлық актіге байланысты Австрия президенті Александр Ван дер Белленге көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды «Aqmola News» Ақордаға сілтеме жасап.

«Бүкіл австриялықтар сияқты барлық дінге кереғар келетін, адами сенім мен ақылға сыймайтын мұндай жантүршігерлік зорлық әрекетке қарсымын. Терроризмнің кез келген түріне жол беруге және оны ақтауға болмайды. Осындай қаныпезер зұлымдыққа барған барлық кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенемін. Қазақстан халқының және өз атымнан қаза болғандардың отбасыларына қайғырып көңіл айтамын, зардап шеккен азаматтардың тезірек сауығып кетуіне тілектеспін. Осынау қаралы күндері Австрияның федералдық үкіметімен және халқымен біргеміз», – делінген жеделхатта.

2 қараша күні кешке Аустрия астанасы Вена қаласында белгісіз адамдар оқ атты. Соңғы мәліметтер бойынша, атыс салдарынан үш адам қаза тауып, 15 адам жарақат алған. Осыған байланысты ҚР Сыртқы істер министрлігі ақпарат берді.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика