spot_img
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
-28.6 C
Kokshetau

Шортанды кентінің жанындағы өтпежол қалыпқа келтірілді

Сондай-ақ...оқыңыз

Шортанды кенті маңындағы көпірдегі көлік қозғалысы ашылды, деп хабарлайды «Aqmola News».

Бүгінге дейін эксплуатация жасаушы компания эстакаданы қалыпқа келтіру үшін барлық қажетті жөндеу жұмыстарын аяқтаған. Жолшылар топсалы-анкерлі бекіткіштерді орнатып, деформациялық жіктерді жөндеуден өткізді.

Айта кетейік, биыл 14 қазанда «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75 шақырымдағы көлік жол айырығында (Шортанды кенті) көліктің барлық түріне қозғалыс уақытша шектелген болатын.

«Көпірдегі аралық салмақтың теңгерімсіздігі нәтижесінде деформациялық жік тіреуіштерден ажырап қалған. Бұдан аралық құрылымның консоль бөлігі жоғарыға көтеріліп, ақау пайда болған», делінген хабарламада.

Аталған өтпежол 12 жыл бұрын пайдалануға берілген. Оның ұзындығы 70 метр. Ведомствоның мәліметінше, қазір «Нұр-Сұлтан-Шортанды» ақылы учаскесінің 75-шақырымындағы көлік жол айырығы (Шортанды ауылы) бойынша көлік үшін қауіпсіз.

Еске сала кетсек, «Нұр-Сұлтан – Щучье» ақылы автомобиль жолының 75-шақырымы Шортанды кентіне жақын тұсте көлік өтпесінің плитасы ажырап кеткен еді. Ақауға қатыстьы «ҚазАвтоЖол» компаниясы түсінік берген болатын.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика