spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
8.2 C
Kokshetau

Көкшетауда қоғамдық көліктердің қатары 50 жаңа автобуспен толығады

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетауда қоғамдық көліктерді жаңарту жұмыстары жалғасуда. Қараша айында қалада «Yutong» маркалы тағы 50 жаңа автобус пайдалануға беріледі,-деп хабарлайды «Aqmola News» Жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасына сілтеме жасап.

Жаңа көліктер жергілікті климат жағдайына бейімделген, бейнебақылау, кондиционер, GPS автонавигатор, сымсыз интернет желісі және жылыту жүйесімен жабдықталған. Электронды билет алмасу жүйесі бар. Сондай-ақ мүмкіндігі шектеулі жандар үшін көтергіш те қарастырылған. COVID-19 күресу мақсатында автобус салонында дезинфекциялау құрылғысы мен ауа тазалайтын ультракүлгін шамы бар. 32 автобустың ұзындығы 10 метр, ал 18 автобустікі 11,7 метрді құрайды.

«2018 – 2020 жылдарға арналған автобус тасымалын дамыту бойынша кешенді бағдарламаға сәйкес, өткен жылы Қостанайдағы «СарыаркаАвтоПром» ЖШС құрастырылған «Yutong» маркалы тағы 44 жаңа автобус сатып алынды. Биылғы жылы да бұл бағытта жұмыстар жалғасуда. Бүгінгі таңда 7 автобус Көкшетауға жеткізілді. Қалған 43 автобус қарашаның 11-де жеткізіледі. Осылайша, қаладағы қоғамдық көліктердің паркі 50 пайызға жаңарады», – деп атап өтті жолаушылар көлігі мен автомобиль жолдары басқармасының басшысы Арсен Жанғасқанов.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақмола облысында 27 кәсіпкер әкімшілік жауапкершілікке тартылды

Биылғы жылдың тоғыз айында Ақмола облысының Сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментіне 932 өтініш түсті. Бұл туралы брифинг барысында...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика