spot_img
Бейсенбі, Тамыз 21, 2025
20.2 C
Kokshetau

Хэллоуин тойлаған жастар жауапқа тартылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Нұр-Сұлтанда коттедж жалдап, хэллоуин тойламақ болған жастар жауапқа тартылды, деп хабарлайды «Aqmola News» елордалық Полиция департаментіне сілтеме жасап.

Жастар қазіргі шектеулерді ұмытып, мифтік кейіпкерлер стилінде грим жасап, көңіл көтерген. Көршілердің мазасын алғандықтан, түнде полицияға шағым түскен. Оқиға орнына полиция қызметкерлері барған. Тыныштықты бұзғаны үшін полицияға 26 адам жеткізілді. Олардың ішінде кәмелетке толмаған 8 жасөспірім бар.

Ювеналдық полицияның учаскелік инспекторлары кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта үйінде болмағаны үшін олардың заңды өкілдерін ҚР Әкімшілік құқықбұзушылықтар туралы кодексінің 442-бабы 2-бөлігі бойынша әкімшілік жауапқа тартты. Балалармен профилактикалық әңгіме жүргізілді. 18 адамға қатысты учаскелік инспекторлар ҚР ӘҚБтК 437-бабы бойынша хаттама толтырып, 5 АЕК мөлшерінде айыппұл салды. Одан бөлек, коттеджді жалға берген адамға қатысты материал карантиндік шараларды бұзғаны үшін жауапқа тарту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілді,-делінген хабарламада.

Мобильді топ бір тәулік ішінде 344 кәсіпкерлік нысанын тексеріп, 41 рет карантин режимі бұзылғанын анықтады. Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаменті тұрғындарға және ойын-сауық мекемелерінің иелеріне карантин режимі жалғасып жатқанын және бас санитарлық дәрігер қаулысының талаптарын сақтау керектігін ескертеді.

Мекемелерге барғанда өзіңіге ғана емес, жақындарыңызға да ауру жұғу қаупі болатынын естерген жөн дейді мобильді топ өкілдері.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Президенттің 2024 жылғы Жолдауын жүзеге асыру: отын-энергетика кешенін ауқымды жаңғырту қалай жүргізілуде

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде отын-энергетика кешенін жүйелі жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Сенімді, өзін-өзі қамтамасыз ететін және заманауи...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика