spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
4.2 C
Kokshetau

Ақмола облысында жоғалған 3 балықшының екеуі өлі табылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысының Астрахан ауданында жоғалған үш балықшының екеуінің денесі табылды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, балық аулауға шыққан үш дос ұшты-күйлі жоғалып кеткен. Кейін жағадан бір шақырымдағы қамыс арасынан төңкерілген металл қайық табылды.

Оқиға Ұзынкөл ауылдық округінің аумағындағы Баршын көліне жақын тұста болған. Іздестіру жұмыстары барысында 1981 және 1976 жылы туған екі ер адамның денесі табылды, 1978 жылы туған үшінші ер адамды іздеп жатыр.

«Мұз астынан балық аулаушылар жеке құтқару құралы болған кезде ғана балық аулағаны жөн. Егер сіз қайықта балық ауласаңыз, онда ол техникалық жағынан жақсы, су төгетін және құтқару құралдарымен жабдықталған болуы керек. Қайықта міндетті түрде құтқару кеудешесін кию және ешқандай оқыс қимыл жасамау, қайықтың шетіне еңкейіп тұрмау, жүрмеу қажет», – делінген хабарламада.

Сонымен бірге, ТЖМ күзгі-қысқы кезеңде су бетіндегі мұздың жұқа болатынын және балық аулаушылардың өміріне қауіп төндіретінін еске салады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Заңды біліп жүрген абзал

Ақмола облысының Жастар-ресурстық орталығының ұйымдастыруымен, жастар арасындағы құқық бұзушылықты азайту, ақпараттық жұмыс жүргізу мақсатында, «Арна» Көкшетау жоғары колледжінің студенттерімен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика