spot_img
Сенбі, Шілде 12, 2025
15.3 C
Kokshetau

29 қазан күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

29 қазан күні Қазақстан аумағында құбылмалы ауа райы сақталады, қар мен жаңбыр жауады. Республиканың батысы мен оңтүстігінде жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Еліміздің кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста шаңды дауыл болжанады, деп хабарлайды «Aqmola News» Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын болады. Желдің күші 15-20 м/с артады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Қостанай облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болжанады. Жамбыл облысының жекелеген аумағында күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с артады.

Алматы, Түркістан, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман болуы ықтимал.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ушу спортынан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы алты медаль алды

Қытайдың Джилинг қаласында ушу саньда спортынан ересектер арасындағы Азия кубогында Қазақстан құрамасы алты медаль алды. Бұл жарысты Халықаралық және Азия...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика