spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7 C
Kokshetau

Көкшетауда тойхана иелері той жасауға рұқсат беруді сұрады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы Атамекен кәсіпкерлер палатасында жергілікті бизнес өкілдері өңірдің бас санитар дәрігерімен кездесіп, арыз-шағымдарын айтты. Кәсіпкерлер өңірде қоғамдық іс-шаралар мен той өткізуіне мүлдем тиым салынуына наразы,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Өткен аптада өңірдің бас санитар дәрігерінің №129 қаулысы шықты. Аталған қаулыда карантин талаптары қатаңдатылып, мейрамханалар жұмысына рұқсат берілмейтіндігі көрсетілген.

Осыған байланысты бірқатар мейрамханалар мен дәмхана иелері қарсылығын білдіріп, аз  адамға болса да мерекелік жиын өткізуге рұқсат берілуін сұрады.

Біздің облысымызда басқа облыстардағы сияқты неге той, жиын өткізуге рұқсат берілмейді. Біз табысымыздан қағылдық, қызметкерлеріміз жұмыссыз қалды. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып,жұмысымызды жалғастыруға рұқсат берілуін сұраймыз,-деді жиында мейрамхана иелерінің бірі.

Бизнес өкілдерінің бұл талаптарына өңірдің бас санитар дәрігері де қарсылығын білдірді. Қазіргі кезде той өткізуге, іс-шара ұйымдастыруға мүлдем болмайтынын айтып түсіндірді.

Біз бұл мәселеге қатысты оң шешім шығара алмаймыз. Эпидахуал күрделеніп бара жатыр. Бірінші толқын кезінде естерңізде болса қаншама адам той мен құдалыққа барып, вирус жұқтырып, тіпті ажал құшты. Егер біз санитарлық талаптарды орындамай, қарсылық танытып, өз білгенімізді істесек, ауру өршіп, жағдай шілде айындағы көрсеткіштен екі есеге ұлғаяды деген болжам бар. Себебі қазір суық түсіп келеді. Мұндай кезде жедел респературлық аурулар өршіп кететін уақыт. Сондықтан барынша сақ болуымыз керек,-деді бас санитар.

Жиналғандар мобильді топтың жұмысына да реніштерін айтты. Соңғы кездері онсыз да шаруасы шатқаяқтап тұрған нысандарға айыппұл салынып жатқандығы да көңілге тиеді.

Санитарлық қызмет мобильді топтың жұмысын да қадағалайды. Өрескел заңбұзушылықтарға жол беруге болмайды ғой. Мобильді топтың құрамында әкімшілік қызметкерлері де бар. Олар бас жоқ, көз жоқ барып айыппұл салып жатқан жоқ. Қазір санитарлық қызметтің жұмысы ауыр. Біз күн-түн демей, демалысқа қарамай жұмыс істеп жатырмыз. Барлығымыз бірігіп пандемиядан аман өтуге тиіспіз. Бір бірімізге түсіністікпен қарауымыз маңызды,-деді Айнагүл Мусина.

Жиын соңында кәсіпкерлер палатасы директорларына  шара қолдану үшін тойхана иелерінен нақты ұсыныстарын қабылдау ұсынылды. Алдағы жұмада бұл ұсыныс қаралатыны айтылды.

Бұл ұсыныстарда ең алдымен пандемия кезінде жапа шеккен бизнес өкілдерін әлеуметтік қолдауды күшейтуге бағытталуы тиіс. Мұнда несиелер мен коммуналдық қызметтер, төлемдер мен жеңілдіктер де қамтылуы мүмкін.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img