spot_img
Сәрсенбі, Ақпан 4, 2026
-15.3 C
Kokshetau

28 қазан күніне ауа райы болжамы

Сондай-ақ...оқыңыз

28 қазан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жаңбыр мен қар жауады. Елдің тек батысында, оңтүстік-батысында және оңтүстігінде күн райы жауын-шашынсыз болады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, жаяу бұрқасын күтіледі, деп хабарлайды «Aqmola News»  Қазгидрометке сілтеме жасап.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді, кей жерлерде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақмола облысында желдің екпіні түнде 23-28 м/с, күндіз кей жерлерде 15-20 м/с күшейеді. Жекелеген аумақтарда тұман, көктайғақ, бұрқасын болады.

Қостанай, Қарағанды, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі, жел 15-23 м/с күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман болады, жел 15-20 м/с артады.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-25 м/с күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, түнде және таңертең Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Мұрат Әбенов жаңа Конституция туралы: Егемендік пен халықаралық құқықтың теңгерімі сақталған

Халықаралық шарттар мен ұлттық заңнама арақатынасы мәселесі көп жылдан бері сарапшылар мен қоғам арасында талқыланып келеді. Мәжіліс депутаты, Конституциялық...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика