Жедел штаб отырысында өткен аптада атқарылған жұмыстардың аралық қорытындылары шығарылып, алдағы міндеттер белгіленді. Отырыс барысында аудандық полиция бөлімі мен аудандық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының өкілдері есеп берді,-деп хабарлайды «Aqmola News» Шортанды ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жедел штаб төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Ерлан Мұхамедин эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін Шортанды ауданы аумағында мониторингтік топтардың рейдтерін одан әрі жалғастыру қажеттігін атап өтті.
Ерлан Қыздарбекұлы тиісті қызметтерге шектеу шараларын сақтау мәселесін бақылауға алып, тұрғындар арасында коронавирустық инфекцияның алдын алу шаралары туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыруды тапсырды.
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары!
Шортанды ауданының әкімдігі Сіздің назарыңызды келесі қорғау шараларының сақталуына аударады:
1. Сауда және дәріхана объектілеріне бару кезінде, сондай-ақ жұмыс орындарында бір-бірінен кемінде екі метр қашықтықты сақтау;
2. Респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері (мұрын, түшкіру, дене қызуы) пайда болған кезде медициналық ұйымдарға бармай-ақ жедел медициналық көмекті үй мекенжайына шақыру арқылы дереу медициналық көмекке жүгіну қажет;
3. Көшелерде және басқа да қоғамдық орындарда топпен жиналудан бас тарту;
4. Балалардың ересектерсіз жүруіне тыйым салынады, сондай-ақ егде жастағы және созылмалы аурулары бар адамдарға аса қажет болмаса көшеге шықпау ұсынылады,-делінген хабарламада.