spot_img
Жұма, Қараша 28, 2025
-4.8 C
Kokshetau

Көкшетауда жаңа қаулыны ескермей демалыс күні ірі сауда орны мен балалар алаңы жұмыс істеген

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысындағы эпидахуалдың өршуіне байланысты өткен аптада өңірдің бас санитар дәрігерінің қаулысы шықты. Қаулыда санитарлық талаптардың күшейтілгендігі көрсетілді. Соған қарамастан жүргізілген рейдтер нәтижесінде бірқатар нысандардың ережелерді сақтамай, жұмыс істеп жатқандығы анықталды,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Көкшетау қаласы бас санитар дәрігері Қанат Ысқақовтың айтуынша, қалада 4 мониторингтік топ жұмыс істеуде. Мереке және демалыс күндері рейд ұйымдастырылып, ірі сауда нүктелеріне, тамақтану орындарына тексерістер жүргізіледі.

Облыстың бас санитар дәргерінің №129 қаулысы бойынша демалыс күндері базарлардың жұмысына тиым салынған болатын. Соған қарамастан «Орталық базар» өткен демалыс күні жұмыс істеді. Мониторинг кезінде мейрамхана ішінде орналасқан «Family Mood» балалардың ойын алаңы жұмыс істегені анықталды. Бұл нысандардың басшылығы тиісті әкімшілік жауапкершілікке тартылады, – дейді Қанат Ысқақов.

Бүгінде Көкшетау қаласында коронавирус инфекциясын жұқтырғандардың саны артқан. Станционарларда 70 адам емделуде.

 Қала тұрғындары карантиндік шектеулерге құлақ асатын емес, көпшілік шаралар мен отбасылық салтанат өткізуде. Сол себепті, қала тұрғындарын карантиндік шараларды ескеріп, көпшілік орындарға бармауға, маска режимін сақтауға шақырамыз, – деп толықтырды Ысқақов.

.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Сатушы мен өндірушінің кепілдік мерзімді белгілеу жөніндегі құқықтары мен міндеттері

(«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 23-бабы негізінде) Кепілдік мерзім – тұтынушының құқықтарын қорғаудың негізгі тетіктерінің бірі болып табылады....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика