spot_img
Бейсенбі, Мамыр 22, 2025
15.3 C
Kokshetau

Үкімет басшысы Түркия Қорғаныс министрін қабылдады

Сондай-ақ...оқыңыз

ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасының Қорғаныс министрі Хулуси Акарды қабылдады, деп хабарлайды «Aqmola News» primeminister.kz сілтеме жасап.

Үкімет басшысы Қазақстан мен Түркия арасындағы ынтымақтастықтың жоғары деңгейін атап өтті.

«Екіжақты өзара іс-қимылды кеңейтуде біздің мемлекеттеріміздің басшылары арасында қалыптасқан достық қарым-қатынас үлкен рөл атқарады. Екіжақты форматта қарқынды жүргізіліп жатқан сындарлы диалогпен қатар БҰҰ, ИЫҰ, ЕҚЫҰ және АЫСШК шеңберіндегі практикалық өзара іс-қимыл табысты дамуда», – деді А. Мамин.

Түркия Қазақстанның негізгі сауда серіктестерінің топ 10 елінің қатарына кіреді. Қазақстан мен Түркия арасындағы тауар айналымы 2019 жылдың қорытындысы бойынша $3 млрд-тан асты. Ағымдағы жылдың 8 айында екіжақты сауда өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,4%-ға өсіп, $2,1 млрд құрады, ҚР Тәуелсіздік жылдарында Түркиядан Қазақстанға тікелей инвестиция ағыны $3,7 млрд-тан асты.

Тараптар екі елдің әскери білім беру және қорғаныс-өнеркәсіп кешені салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, оның ішінде түрік компанияларының ҚӨК саласында бірқатар инвестициялық жобаларды іске асыруын талқылады.

Кездесуге ҚР Қорғаныс министрі Н. Ермекбаев пен ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Б. Атамқұлов қатысты.

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетаулық оқушы биология пәні бойынша халықаралық олимпиадада күміс жүлде жеңіп алып, Қазақстан құрамасының жеңісіне үлес қосты

Көкшетау қаласының №8 орта мектептің 10-сынып оқушысы Егор Менгулов Сочи қаласында (Ресей) 2025 жылғы 10–17 мамыр аралығында өткен биология...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика