spot_img
Сенбі, Қараша 23, 2024
-7.3 C
Kokshetau

Эпидахуал күрделі: Ақмола облысы аудандарындағы жағдайды бас санитар дәрігерлер айтады

Сондай-ақ...оқыңыз

Ақмола облысы бойынша барлық өңірдегі бас санитар дәрігерлер эпидахуалдың қиындап бара жатқанына алаңдап отыр. Салыстыру нәтижесінде коронавирус Көкшетау қаласы мен Бурабай ауданында көп тіркелген,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Пандемия басталғалы бері Бурабай ауданында барлығы 298 адам ауырған, оның 117 -сі симптомды науқас.

Бұған дейін көбінесе ауру белгілері шетелден және өзге облыстардан келгендерден анықталса, бүгінде жергілікті тұрғындардың жұқтыру жағдайы белең алуда. Айдың басынан бері өңірде 30 адамнан КВИ мен вирусты пневмония анықталды. Арнайы құрылған мобильді топ пен әкімдік қызметкерлері халыққа түсіндіру шараларын жүргізуде,-дейді аудандық тауарлар мен қызмет сапасын бақылау басқармасының жетекшісі Сералы Жолдасбаев.

Бурабай ауданындағы жүргізілген тексерістер кезінде 46 санитарлық талаптарды бұзу фактісі тіркеліп, екі миллион теңгеге жуық айыппұл салынған.

Зеренді ауданында қазан айының басынан бері 5 адамнан ауру белгілері анықталған. Симптомсыз болғандықтан олар қазір үйде емделуде.

Өңірде аухал тұрақты. Маусым айынан бүгінге дейін барлығы 136 адам КВИ-мен ауырды. Ауданда 6 мобильді топ жұмыс істейді. Жүргізілген рейдтер нәтижесінде санитарлық талаптарды бұзған 24 нысанға 1 миллион 319 мың теңгеге жуық айыппұл салынды. Сондықтан зеренділіктерге карантиндік талаптарды орындап, ара қашықтықты сақтап, қолды жиі жуып, маска киіп, көпшілік орындарға бармауын сұраймын,-дейді Зеренді ауданы тауарлар мен қызмет сапасын бақылау басқармасының басшысы Жандос Маханов.

Біржан сал ауданында пандемия басталғалы бері өкінішке орай, 4 адам осы аурудан көз жұмған.

Ауру өңірде ең алғаш осы жылдың 17-ші маусымында тіркелген. Содан бері ПТР тест 70 адамнан вирус анықталғанын көрсеткен. Ауданда екі мобильді топ жұмыс істейді. Демалыс және мереке күндері тексерістер жүргізіліп тұрады. Соңғы қорытындыға сәйкес, 10 жеке тұлғаға карантин талаптары бұзғаны үшін айыппұл салынды,-дейді Құмарзақ Жанысқан.

Ал, Бұландыда пандемия кезеңінде 128 жағдай анықталып, өкінішке орай 7 адам қайтыс болған.

Қазан айының басынан бері аурудың 5 жағдайы тіркеліп, 20 адамның қарым-қатынаста болғаны анықталды. Олардың барлығы үй карантинінде. Күнделікті түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Аудан еріктілері қолғабыс етіп тұрады,-дейді Бұланды ауданының бас санитар дәрігері Дәметкен Мұхаметжанова.

Дәметкен Мұхаметжанова өзі де коронавируспен ауырыпты. Ол әлі күнге дейін ентігу мен әлсіздіктен жапа шегетінін айтады.

Ең өкініштісі әрі қайғылысы бұл вирус оны туған ағасынан айырған.

 

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Балалар дұрыс сөйлеуді үйренуге арналған шеберлік сабағы

"Көкше" мәдениет үйінде  "Сахна тілі" және әдеби оқу үйірмелерінің жүргізушілері Амина Касенова мен Алена Тищенко балалардың сауатты сөйлеуі мен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img