spot_img
Жексенбі, Мамыр 25, 2025
7.2 C
Kokshetau

«Мен Туымды мақтан етемін!» – қазақ жастары патриоттық челлендж бастады

Сондай-ақ...оқыңыз

Қазақстандықтар әлеуметтік желілердегі парақшаларына Мемлекеттік Тудың аясындағы фотосуреттерін жариялап, ерекше акция бастады, деп хабарлайды «Aqmola News».

«Мен Туымды мақтан етемін» немесе «Я горжусь своим Флагом» деген жазумен және хештегпен азаматтар әлеуметтік желілерде суреттерін жариялап жатыр.

Facebook, Instagram желілерімен қатар YouTube желісінде де осы бастамаға қатысты видео тарауда. Қолданушылардың бірі арнайы видео әзірлесе, енді бірі өлең-жыр арнап, үн қосқан.

«Мөлдір, бұлтсыз ашық аспан күмбезің, Бейнелеген алтын шапақ күн көзін. Адалдық пен пәктік көңіл нышаны Көріп жүрмін көк туымды күнде өзім. Көгілдір түс мөлдір,таза пәктігім», – деп жыр арнаған қолданушылардың бірі.

«Мемлекетіміздің айнасы іспетті туымызды аяққа таптатуға жол бермейміз! Батыр бабаларымыз ешқашан туымызды жықпаған, қашан да қастерлеп жоғары ұстаған»-дейді қазақтың жалынды жастары.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Еңбегімен ел мерейіне бөленген ұстаз

Нұрия Жаңабаева Көкшетау қаласы №6 мектеп-лицейінде 1992 жылдан бастап қызмет атқарып келеді. Ол отыз алты жыл бойы ұстаздықтың қыр-сырын...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика