spot_img
Дүйсенбі, Қазан 6, 2025
10.2 C
Kokshetau

Коронавирус кезінде жазасын өтеушілердің де жағдайына көңіл бөлінеді

Сондай-ақ...оқыңыз

Көкшетау қаласы Застанционный кентіндегі Ец-166/24 түзету мекемесінде коронавирус инфекциясына қарсы шаралар күнделікті жүргізіледі. Мекеме базасында дезинфекция жасалып, жазасын өтеушілерге қорғаныш құралдары тегін таратылады,-деп хабарлайды “Aqmola News».

Түзету мекемесінің тәрбие жөніндегі бөлім бастығы Жеңіс Ыбыраевтың айтуынша, облыстың бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, барлық санитарлық талаптар орындалады.

«Бүгінде түзету мекемесінде барлығы 120 жазасын өтеуші бар. Олардың барлығы дерлік жұмыспен қамтылған. Олар қаланы абаттандыру жұмыстарында, құрылыста, тігін цехында, қонақүйлерде, дәмханаларда жұмыс істейді. Еңбек шартына сәйкес, екі жақты барлық талаптар сақталады. Олар күндіз жұмыстарына барып, кешке түзету мекемесінің аумағына оралады. Олардың тәртіптерін арнайы жасақ қадағалайды,-дейді Жеңіс Ыбыраев.

Жұмыс уақыты аяқталып мекеме аумағына жеткізілген жазасын өтеушілер кіре берісте дене қызуы өлшеніп, антисептикпен қолын тазартқан соң, екінші қабатқа кезекші бөлімге жіберіледі. Ол жерде толық тексерістен өткізіледі.

Сонымен қатар бостандығы шектеулі тұлғаларға мекеме әкімшілігі тарапынан тегін бірнеше рет қолдануға арналған маскалар мен қолғаптар таратылып отырады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Құрметті қала және аудан тұрғындары!

«Қарызсыз қоғам» әлеуметтік жобасы аясында қаржылық қиындыққа тап болған азаматтарға тегін ақпараттық және құқықтық қолдау көрсетілуде. Егер сіз: ✔️ 90 күннен...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика