spot_img
Жексенбі, Наурыз 1, 2026
-30.2 C
Kokshetau

Есіл аудандық ауруханасына жылжымалы медициналық кешен ұсынылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Есіл аудандық ауруханасына Отандық жылжымалы медициналық кешен сыйға тартылды. Салтанатты тапсыру рәсіміне Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Тоғжанов қатысты, – деп хабарлайды «Aqmola News».

Еліміздің төрт солтүстік өңіріндегі аудандық ауруханаларға бөлінген 24 жылжымалы медициналық кешеннің бірі Есіл ауданына бұйырды.

Құттықтау сөзінде Ералы Тоғжанов Мемлекет басшысы және Үкіметтің атынан барлық медицина қызметкерлерінің ерен еңбегіне шынайы ризашылығын білдірді.

Елімізде сапалы медициналық қызмет көрсету үшін медицина ұйымдары мен мекемелерін замануи құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету шаралары қабылданып жатыр. Жылжымалы медициналық кешен отандық автокөлік өндірісі базасында құрылып, азаматтарымыздың денсаулығын тексеруде кеңінен қолданылмақ, – деп атап өтті Ералы Тоғжанов.

Кешен цифрлық қондырғылармен жарақтандырылған 7 мамандандырылған кабинеттерден тұрады. Атап айтқанда жалпы қабылдау, жалпы тәжірибе дәрігері, анализдер қабылдау аймағы, дәріханалық пункт, функционалды диагностика тестілері, акушер-гинеколог кабинеті мен сәулелі диагностика кабинеттері бар.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Жаңа Конституция және жоғары білім: Көкшетауда болашақ бағыты талқыланды

Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университеті қабырғасында республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбекпен жаңа...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Banner
Яндекс.Метрика