spot_img
Сәрсенбі, Шілде 9, 2025
24.2 C
Kokshetau

Кезекші сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер мен қашықтықтан сабақ беретін мұғалімдер жалақысында айырмашылық жоқ

Сондай-ақ...оқыңыз

Бүгінгі брифингте ақмолалалық ұстаздардың қашықтықтан оқытуы мен кезекші сыныптарда сабақ беретін  мұғалімдерге төленетін еңбек ақы жөнінде облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Светлана Ермолаева хабардар етті. 

Спикердің айтуынша, төленетін жалақы оқытушының еңбек өтілі мен біліктілігіне және оның арнайы жоғары білімінің бар жоғына байланысты өзгеріп отырады.

Кезекші сыныптарда жұмыс істейтін мұғалімдер қашықтықтан сабақ беретін мұғалімдермен бірдей жалақы алады. Әзірге короновирус кезеңіне байланысты ұстаздар жалақысында өзгеріс болмаған.

Әдеттегідей, мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп отырады.

Ағымдағы жылдың қаңтар айынан мұғалімдер жалақысы 25 пайызға, 2021 жылдың қаңтарынан 50 пайызға, 2020 жылдың қаңтарынан 75 пайызға, 2023 жылдың қаңтарынан 100 пайызға өсу көзделген,-деп атап өттібасқарма басшысының орынбасары.

Бүгінде өңірде орта білім беру ұйымдарында 10 АЕК мөлшерінде қосымша ақы төленетін 400-ге жуық педагог бар.

Бұл санаттағы ұстаздарға 17 697 қосымша ақы төленеді.

Сонымен қатар брифингте спикер КВИ жұқтырған мұғалімдерге ақы төлеу қарастырылмағанын айтып өтті.

Оқытушылар құрамының демалысы 42 ден 56 күнге дейін ұзартылған.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Көкшетауда «Jas Keñes Sıylığı – 2025» жастар премиясы талқыланды

Жастардың кәсіби жетістігін қолдауға бағытталған «Jas Keñes Sıylığı – 2025» сыйлығының маңызы мен жаңашылдықтары кеңінен таныстырылды. Қазақстан Республикасы Президентінің...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика