spot_img
Сенбі, Тамыз 23, 2025
21.2 C
Kokshetau

Егіндікөл ауданында 16 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы аяқталуға жақын

Сондай-ақ...оқыңыз

Егіндікөл ауданының орталығында «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 16 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы жүріп жатыр. Тұрғын үй әлеуметтік аз қамтылған  және көпбалалы отбасыларға үлестіріледі,-деп хабарлайды «Aqmola News».

Ауданның баспасөз қызметінің мәліметінше, құрылысты жүргізіп жатқан мердігер Нұр-Сұлтан қаласынан «NurInvestGroup» жауапкершілігі шектеулі серіктестестігі.

Бүгінде құрылыс толық аяқталып, ішкі әрлеу жұмыстары жүргізілуде.

Үй салынып бітіп, тұрғындар қоныстанса, аудандағы кезек мәселесі алға жылжиды. Бұл үшін алдымен тұрғындар қуанатыны сөзсіз. Қазір үйдің есік терезелері орнатылып жатыр. Алдағы уақытта аудан орталығынан дәл осындай 36 пәтерлі тұрғын үй салынады деп жоспарлануда. Құрылыстың жобалық-сметалық құжаттамалары  дайын,-дейді аудандық сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімінің жетекшісі Марат Қарабұзауов.

Тұрғын үйдің салынуына облыстық бюджеттен қаражат бөлінген. Пайдалануға берілу мерзімі 30 қараша.

 

 

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Олжас Бектенов автожолдардың сапасын арттыру жөніндегі Президент тапсырмаларының орындалу барысы туралы жиын өткізді

Үкіметте Премьер-министр Олжас Бектеновтің төрағалығымен автокөлік жолдарының сапасын арттыру мәселелері бойынша жиын өтті. Көлік желісін жаңғырту бойынша Президент қойған...
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика