Ақмола облысы Елорданы азық-түлік белдеуімен қамтамасыз етіп отырған аграрлы аймақтардың бірі болып табылатыны белгілі. Өңірде биыл 40-тан астам ірі инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда, – деп хабарлайды «Aqmola News».
Солардың бірі ешкі сүтін толық циклде өндірумен айналысатын «Зеренді» асылтұқымды шаруашылығы болып табылады. Жақында іске қосылған шаруашылық серіктестігі Нұр-Сұлтан қаласына таяу орналасқан.
Шаруашылық басшысы Ермек Ұлықбановтың айтуынша ешкі сүті толық циклде өңледіп, жылына 350 тонна өнім шығыралады.
«Аталған жобаны жүзеге асыру үшін біздің компания Италиядан жоғары технологияда жасалған жабдықты сатып алды. Қазіргі таңда Нидерландының атақты «Заанен» ешкілерінің 334 басқа жеткіздік. Ешкілерді сауу процесі толығымен автоматтандырылған. Ешкі сүті зауытта қайта өңделіп, кең көлемдегі «Қазақстанда шығарылған» брендімен Ақмола облысында және Елордада жоғары сұранысқа ие болды, – дейді Ермек Ұлықбанов.
Серіктестік алдағы уақытта ішкі сұранысты толық қамтамасыз етуді толығымен қанағаттандыруды жоспарлап отыр.