spot_img
Сенбі, Желтоқсан 13, 2025
-5.8 C
Kokshetau

Қарағанды облысында бір ауыл карантинге жабылды

Сондай-ақ...оқыңыз

Қарағанды облысының Центральный ауылы карантинге жабылды, деп хабарлайды  «Aqmola News «. Санитарлық шараның қатаңдатылуына ауылға коронавирус инфекциясын жұқтырған адамның келуі себеп болған.

«Омбыдан келген қонақ коронавирустың бар-жоғын анықтайтын тест тапсырды. Нәтижесінде инфекцияның бар екені анықталды. Ол кісімен байланыста болғандар да ауырып қалған. Бұхар Жырау ауданының бас санитар дәрігерінің қаулысына сәйкес, карантинге алынған аймақтың шыға берісіне блок-бекеттер қойылды. Енді бұл аймаққа кіріп-шығуға тыйым салынды», – делінген облыс әкімдігі таратқан ақпаратта.

Санитар дәрігердің қаулысына сәйкес, ауыл тұрғындары карантин шараларын сақтауға міндетті. Үйден тек жұмысқа, жақын маңдағы дүкен немесе дәріханаға ғана баруға рұқсат.

Әкімдіктің хабарлауынша, карантин инфекция жұқтырған науқастардың барлығы жазылғанға дейін жалғасады. Шектеулерді алып тастау бойынша ақпарат қосымша хабарланады.

- Жарнама -spot_img
- Жарнама -spot_img
Соңғы мақалалар

Ақкөлде ауыл әйелдері форумы өтті: Бірлік, Даму және Болашаққа бағытталған жаңа қадам

2025 жылғы 4 желтоқсанда Ақмола облысының Ақкөл ауданында еліміздің ауыл әйелдерін біріктірген маңызды оқиға – «Ауыл Әйелі: Бірлік. Даму....
- Жарнама -spot_img

Ұқсас мақалалар

- Жарнама-spot_img
Яндекс.Метрика